$ 482.49 € 556.75 ₽ 5.79

Қамшыбек Ташиев тергеуге алынды

Абдрахманов Мағжан
19 наурыз 2026, 10:25
Қамшыбек Ташиев тергеуге алынды Сурет авторы: tazabek.kg

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ГКНБ) бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиев елге оралып, тергеуге шақырылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, ол қазіргі уақытта Қырғызстан ІІМ-нің Бас тергеу басқармасында жауап беріп жатыр. Алайда оны қандай іс бойынша тергеп жатқаны әзірге белгісіз.

Еске салайық, Қамшыбек Ташиев 17 ақпанда қызметінен босатылғаннан кейін елден кеткен болатын. Ал 17 наурыз күні оның ұлы да тергеуге шақырылғаны хабарланған.

Ресми органдар әзірге бұл жағдайға қатысты толық түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар