$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Израиль Газаға басып кірді – БАҚ

Абдрахманов Мағжан
16 қыркүйек 2025 09:22 454
Израиль Газаға басып кірді – БАҚ Сурет авторы: Alexi J. Rosenfeld / Getty Images

Израиль армиясы бірнеше аптаға созылған әуе соққылары мен бомбалау әрекеттерінен кейін түнде Газа қаласына құрлықтық шабуыл бастағанын израильдік, арабтық және америкалық басылымдар хабарлады. Бұл туралы Axios, Jerusalem Post және Аль-Джазира жазды.

Jerusalem Post газетінің дерегінше, ақпаратты растайтын мәліметтер бар, алайда басылым нақты дереккөзін атаған жоқ. Ал Аль-Джазира мен Times Of Israel Газа қаласының орталығына израильдік танктер кіргенін палестиналық дереккөздерге сүйене отырып мәлімдеді. Сонымен қатар соңғы сағаттарда әуе шабуылдары күшейгені айтылады.

Еске салайық, Израиль үкіметі Газа қаласын басып алу жөніндегі шешімді тамыз айының басында қабылдаған. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен оның министрлері ХАМАС қозғалысының маңызды тірек орындары дәл осы қалада орналасқанын айтып, оларды жоюға уәде берген еді.

Газа қаласында шамамен 1 миллион палестиналық шоғырланған. Израиль билігі тұрғындарды қаланы тастап, сектордың орталық және оңтүстік бөлігіне көшуге шақырды. Дегенмен БАҚ дерегінше, болжам бойынша тек 300 мыңға жуық адам ғана эвакуацияланған.

Соңғы жаңалықтар