$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Израиль Eurovision-ға қатысатын болды: Төрт ел байқауға бойкот жариялады

Редакция
05 желтоқсан 2025 14:29 3
Израиль Eurovision-ға қатысатын болды: Төрт ел байқауға бойкот жариялады Сурет авторы: Reuters

Ирландия, Нидерланды, Словения және Испания келесі жылы өтетін Eurovision байқауына Израильдің қатысуына байланысты бойкот жариялады. Бұл шешім EBU Израильді жарыстан шығармайтынын мәлімдеген соң шықты. Кейбір ел Израильді байқаудан шығаруға шақырған еді, бірақ EBU бұл ұсынысты қолдаған жоқ. Бұл жайында aljazeera хабарлады.

Бойкот жариялаған елдер Израильдің Газадағы соғысын сынайды. Газадағы соғыс барысында кемінде 70 000 адам қаза тапты. Сонымен қатар Израиль өткен жылғы байқауда өз өкілінің пайдасына әділетсіз араласқан деп айыпталады. Нидерланды, Ирландия, Словения және Испания бұл себептермен қатыспайтынын хабарлады.

Германия керісінше Израильдің қатысуын қолдап, өз өкілін шығаратынын айтты. Израиль президенті Исаак Герцог елінің әлем сахналарында өкіл болуға лайық екенін атап өтті.

Бұл жағдай Eurovision байқауының саяси бейтараптығын сақтау мәселесін қайта қозғады.

Соңғы жаңалықтар