$ 537.34 € 623.05 ₽ 6.65

Израиль әскері Газаны толық басып алуды бастады

Редакция
21 тамыз 2025 10:02 387
Израиль бүгінгі күні Газа қаласының шетін бақылауға алды. ХАМАС-пен шайқасты күшейтіп, әскер сапына ондаған мың сарбаз шақырып жатыр.
Израиль әскері Газаны толық басып алуды бастады Сурет авторы: Reuters

Израиль әскері Газа қаласына кірді. Әскер қазір қаланың шетінде тұр. Бұл туралы Израиль армиясының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды QRnews.kz агенттігі DW сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ХАМАС тобына қарсы соғыс алдағы күндері одан да күшейеді. Генерал Дефрин ХАМАС қазір әлсіреп қалғанын айтады.

Сонымен қатар, Израиль үкіметі тағы да әскер қатарына адам жинап жатыр. Жақын күндері 60 мың адамға әскери шақыру жіберіледі. Айдың соңына дейін тағы 20 мың адам шақырылмақ. Бірақ Газаға алғашқы шабуылға қазіргі әскери бөлімдер қатысады.

Соңғы жаңалықтар