$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Испанияда пойыз рельстен шығып кетіп, 21 адам қаза тапты

Редакция
19 қаңтар 2026, 09:47
Испанияда пойыз рельстен шығып кетіп, 21 адам қаза тапты Сурет авторы: iryo.eu

Euronews ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Кордова провинциясындағы Адамуз қаласында екі жүйдек пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан 21 адам қаза тапқан. Зардап шеккендер туралы деректер әртүрлі БАҚ-та түрліше көрсетілуде - олардың саны 25-тен 100-ге дейін жетуі мүмкін.

БАҚ мәліметінше, алдымен Малагадан Мадридке бағыт алған пойыз рельстен шығып кеткен. Ол қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, сол сәтте келе жатқан екінші пойызбен соқтығысқан. Соққы салдарынан екінші пойыз да рельстен шыққан. Апат орнынан түсірілген видеодан соқтығысудан кейін кем дегенде бір вагон немесе локомотивтің аударылып қалғаны көрінеді.

AFP агенттігі пойызда болған жолаушылардың бірінің сөзін келтіре отырып, соққының күші «жер сілкінісіне» ұқсас болғанын жазды. Екі пойызда барлығы 400-ге жуық адам болған. Қазіргі уақытта бұл учаскедегі пойыздар қозғалысы тоқтатылды.


Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте Х әлеуметтік желісінде: «Келіп жатқан ақпарат өте ауыр», - деп жазды.

Соңғы жаңалықтар