Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы жараланған – Reuters
Сурет авторы: REUTERS / Office of the Iranian Supreme Leader
Иранның жоғарғы көшбасшысы Мұжтаба Хаменеи жеңіл жарақат алғанымен жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі ирандық шенеунікке сілтеме жасап хабарлады.
Дереккөз аятолланың нақты қашан және қандай жағдайда жараланғанын нақтыламаған. Сондай-ақ Мұжтаба Хаменеи жоғарғы көшбасшы болып тағайындалғаннан бері не себепті жария мәлімдеме жасамағаны туралы да ақпарат берілмеген.
Бұған дейін Reuters Мұжтаба Хаменеи АҚШ пен Израильдің соққылары кезінде жарақат алуы мүмкін екенін жазды. Сол шабуылдар барысында оның әкесі, Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапқан еді.
Иранның мемлекеттік медиасы жанама түрде оның жараланғанын меңзейтін тіркестер қолданып жатыр. Мемлекеттік телеарна жүргізушісі Мұжтаба Хаменеиді «Рамазан соғысының жараланған ардагері» деп атаған. Иранда қазіргі АҚШ пен Израильмен қақтығыс осылай аталады.
Reuters дереккөздерінің мәліметінше, Мұжтаба Хаменеи алған жарақаты мен қауіпсіздік мәселесіне қатысты тағайындалғаннан бері үнсіз отыр. Сонымен қатар агенттік сұхбаттастары қазіргі кезде нақты билік Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) қолында шоғырланғанын айтады.
Дереккөздердің айтуынша, ИРСК президент Масуд Пезешкианның Парсы шығанағы елдерінен олардың аумағындағы америкалық әскери нысандарға жасалған соққылар үшін кешірім сұрағанына қатты наразылық білдірген. Reuters-ке пікір білдірген сұхбаттастардың бірі Әли Хаменеи бұған дейін корпустың ықпалын тежеп, саяси және діни элитаның пікірлерімен тепе-теңдік сақтай алғанын атап өткен.
«Енді жаңа көшбасшы толыққанды жұмыс істей алатын жағдайда болса да, негізгі шешімдерде соңғы сөз Ислам революциясы сақшылары корпусында қалуы мүмкін», – деді Reuters дереккөзі.
Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, Мұжтаба Хаменеидің кандидатурасын алға жылжытқан да осы корпус болған. Олар оны «әкесіне қарағанда икемдірек, олардың қатаң бағытын қолдауға дайын тұлға» ретінде қарастырған.
Reuters-ке пікір білдірген бірнеше жоғары лауазымды ирандық дереккөз оның тағайындалуы сыртқы саясаттың қатаюына және ел ішіндегі қысымның күшеюіне әкелуі мүмкін деп санайды. Олардың екеуі ИРСК ықпалы күшейсе, Ислам республикасы «дінмен бүркемеленген әскери мемлекетке» айналуы мүмкін деп алаңдайды.
28 ақпанда АҚШ Израильмен бірге Иранға қарсы әскери операция бастаған. Соққылар нәтижесінде жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи қаза тауып, елдің әскери және ядролық нысандары зақымданған. Бұған жауап ретінде Иран Парсы шығанағындағы елдерде орналасқан америкалық базалар мен Вашингтон одақтастарының инфрақұрылымына соққы беріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда алғаш рет жолаушы мінген аэротакси көкке көтерілді
15 сағат бұрын
-
Reuters: КҚК мұнай тиеуді қайта-қайта тоқтатуға мәжбүр
15 сағат бұрын
-
Инфантино қатты сынға қарамастан ФИФА президенті лауазымында қалатын болды
17 сағат бұрын
-
Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды
17 сағат бұрын
-
Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілмек
17 сағат бұрын
-
Ноланның «Одиссеясы»: Италияның шағын аралы жаһандық туристік орталыққа айналмақ
18 сағат бұрын
-
Қазақстандықтардың көбі өзін кедей санамау үшін айына 260–320 мың теңге керек деп есептейді
18 сағат бұрын
-
Қыркүйектен бастап жаңа ереже күшіне енеді: Бейнебақылау камераларына қойылатын талаптар қатаңдатылды
19 сағат бұрын
-
Wildberries қоймаларын Қазақстанға көшіру туралы ақпаратқа жауап берді
19 сағат бұрын
-
2027 жылы Астанада УЕФА президенті сайланады
19 сағат бұрын
-
Білім гранттарының иегерлері 7 тамызда белгілі болады
20 сағат бұрын
-
Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басшысына баспананың қолжетімділігін арттыруды тапсырды
1 күн бұрын
-
Жастардан банк карталарын сатып алып, интернет-алаяқтарға өткізген күдікті ұсталды
1 күн бұрын
-
Алматының Ақжар шағынауданында 36 шақырым жолға асфальт төселді
1 күн бұрын
-
Рақымшылық аясында қанша адам босатылды?
1 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша келісімге келуге жақын
1 күн бұрын
-
Белгілі режиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті
1 күн бұрын
-
Министрлік қазақстандық жүргізушілерге ескерту жасады
1 күн бұрын
-
«Семей орманы» өртті анықтау жүйесіне байланысты «Қазақтелекоммен» соттасып жатыр
1 күн бұрын
-
АҚШ Иранмен соғыста алыс қашықтыққа ұшатын зымыран қорының басым бөлігін жұмсап тастады
1 күн бұрын
-
FIFA-дағы дағдарыс: Инфантино қызметінен кетуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Ғарышта сирек кездесетін оқиға: SpaceX зымыраны Айға соғылады
1 күн бұрын
-
Қазақстан мен Ресей маркетплейстерді біріктіруі мүмкін – ресейлік шенеунік
1 күн бұрын
-
Болашақ студенттердің назарына: грант конкурсының нәтижесі қашан және қайда жарияланады
1 күн бұрын
-
Астанада «Пари Сен-Жермен» клубының ресми футбол академиясы ашылады
1 күн бұрын
-
Әншілерді «шайтанның азаншысы» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
1 күн бұрын
-
Трамп «Теңізшевройл» акционерлерінің табысына көз тікті
2 күн бұрын
-
ҚМДБ Жетісайдағы тойдағы даулы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Алматыда 350 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды
2 күн бұрын
-
310 адам тыйым салынған заттарды алып өтпек болған: алматылық полицейлер қауіпті заттарды тәркіледі
2 күн бұрын
-
Wildberries төңірегіндегі жағдай: Министр отандық маркетплейстерді таңдауға кеңес берді
2 күн бұрын
-
Қазақстан шетелдіктердің елге кіру тәртібін өзгертпек
2 күн бұрын
-
Bloomberg: Дрон қаупіне қарамастан КҚК мұнай тиеуді қайта бастады
2 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстанда ер адам бұрынғы әйелінің құлағын кесіп тастады
2 күн бұрын
-
Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз төртінші қабаттан құлап кетті
2 күн бұрын
-
Елімізде аптап ыстықтан 26 адам көз жұмды
2 күн бұрын
-
Тікелей эфирде балағат сөз айтқан 20-дан астам стример жауапқа тартылды
2 күн бұрын
-
Жолбарыстар Қазақстанға қайта оралды: Жыртқыш аң табиғатқа жіберілді
3 күн бұрын
-
Елімізде әскери техника қозғалысы күшейеді: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдардың салдарынан сатушылар 1,6 триллион теңгеден астам шығынға батуы мүмкін
3 күн бұрын
-
«Өрмекші-адамның» жаңа бөлімі рекорд орнатты: Әлемдік кассалық түсім 1 млрд долларға жақындады
3 күн бұрын
-
Мұнай бағасы күрт төмендеді
3 күн бұрын
-
Израиль Газадағы әскери операцияны тоқтатуға келісті – араағайындар
3 күн бұрын
-
Австралия балаларға әлеуметтік желіні бұғаттады, бірақ мектеп оқушыларының 80%-ы әлі отыр
3 күн бұрын
-
МӘМС қорынан 3,5 миллиард теңге жымқырылған
3 күн бұрын
-
ОПЕК елдері мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға алаңдаушылық білдірді
3 күн бұрын
-
Ғылыми жаңалық: Депрессия адамның эмоциясына ғана емес, көру қабілеті мен қозғалысына да әсер етеді
3 күн бұрын
-
АҚШ жасанды интеллектіні бір тетікпен өшірмек
4 күн бұрын
-
Мәскеудегі мейрамханада жарылыс болып, кемінде үш адам қаза тапты
4 күн бұрын
-
КҚК жұмысы толық тоқтай ма: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады
5 күн бұрын