$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Ирандағы дүрбелең Алматы аспанына әсер етті: IndiGo шұғыл мәлімдеме жасады

Редакция
04 ақпан 2026, 09:42
Ирандағы дүрбелең Алматы аспанына әсер етті: IndiGo шұғыл мәлімдеме жасады Сурет авторы: Bizmedia.kz

Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты үндістандық IndiGo лоукостері Алматыға және бірқатар халықаралық бағыттарға рейстерін ақпан айының соңына дейін тоқтатты. Авиакомпания таратқан мәлімдемеге сәйкес, Тбилиси, Алматы, Баку және Ташкент қалаларына жоспарланған ұшулар 28 ақпанға дейін тоқтатылды. Бұған 2025 жылдың соңында Иранда басталған жаппай наразылық акциялары мен елдің әуе кеңістігін уақытша жабуы себеп болған.

Қауіпсіздік мақсатында қабылданған бұл шешімнен бөлек, Lufthansa және ITA Airways сияқты ірі тасымалдаушылар да өз рейстерін шектеген болатын. Билеті бар жолаушыларға IndiGo сайтында сапардың балама жолдарын таңдау немесе қаражатты толық қайтару мүмкіндігі берілді. Айта кетейік, IndiGo компаниясы Дели мен Алматы арасындағы тұрақты рейстерді 2023 жылы бастаған еді.

Соңғы жаңалықтар