Иранда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды
Сурет авторы: Ebrahim Noroozi/AP
Иран билігі елдегі жаппай наразылықтар барысында қаза тапқан қауіпсіздік күштерінің қызметкерлеріне байланысты үш күндік ұлттық аза тұту жариялады. Бұл жөнінде The Times of Israel хабарлады.
Иран үкіметі наразылықтарды «тәртіпсіздіктер» деп бағалап, оны «АҚШ пен сионистік режимге қарсы ирандық ұлттық қарсылық күресі» ретінде сипаттады. Осыған байланысты Иран президенті Масуд Пезешкиан азаматтарды жалпыұлттық «қарсылық шеруіне» қатысуға шақырды. Биліктің мәлімдеуінше, шерулер зорлық-зомбылықты айыптауға бағытталады, ал тәртіпсіздіктерді «қалалық террористік қылмыскерлер» ұйымдастырған.
Адам құқықтарын қорғаумен айналысатын Human Rights Activists News Agency (HRANA) дерегіне сәйкес, наразылықтар кезінде 490 бейбіт наразылық білдіруші мен 48 ирандық күштік құрылым қызметкері қаза тапқан. Сонымен қатар елде шамамен 10 мың адам ұсталған. Иран билігі әзірге құрбандар саны бойынша ресми статистика ұсынған жоқ.
Наразылықтар Иранның барлық провинциясындағы 111 қала мен елді мекенді қамтыған. Қаза тапқандар санының артуына байланысты үкімет ұлттық аза жариялау туралы шешім қабылдаған.
Ирандағы ахуалдың ушығуы аясында халықаралық деңгейде де белсенді талқылаулар жүріп жатыр. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранға қатысты ықтимал қадамдарды талқылаған.
The Wall Street Journal басылымының жазуынша, АҚШ-та алдағы апта басында арнайы брифинг өтіп, Иранға қарсы қосымша санкциялар енгізу, сондай-ақ әскери соққы жасау мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал. Сонымен бірге киберқұралдар арқылы антиүкіметтік белсенділікті күшейту және онлайн-платформалар арқылы наразылықтарды қолдау нұсқалары талқылануда.
Бұған дейін Иран билігі елге шабуыл жасалған жағдайда Израиль мен АҚШ әскери базаларына соққы беретінін ескерткен.
Еске салайық, 2025 жылғы 29 желтоқсанда Тегеранда иран риалының күрт құнсыздануына байланысты саудагерлер наразылыққа шыққан. 30 желтоқсанда оларға студенттер қосылды. Тәртіпсіздіктер көп ұзамай ірі қалалардың басым бөлігіне тарады. 2 қаңтарда көшелерде қарулы белгісіз топтар пайда болып, құқық қорғау органдарымен қақтығыстар жиілеген.
Тәртіпсіздіктердің шарықтау шегі 8 қаңтар кешіне сәйкес келді. Билік сол күні 25 құқық қорғау қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады. Тегеран мэрі Алиреза Заканидің айтуынша, астанада 25 мешіт өртеліп, 26 банк, 3 медициналық орталық, 10 мемлекеттік мекеме, 48 өрт сөндіру көлігі, 42 автобус пен жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ 24 пәтер бүлінген.
Иран билігі тәртіпсіздікке қатысушыларды террористер деп атап, оқиғалардың ұйымдастырылуына Израиль мен АҚШ-ты айыптады. 10 қаңтарда АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ирандағы соңғы үш жылдағы ең ірі наразылықтарға пікір білдіріп, АҚШ наразылық білдірушілерге көмектесуге дайын екенін айтқан.
Соңғы жаңалықтар
-
Мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайын еместер кетуі керек: Бектенов Нағаспаевқа ҚТЖ-дағы кадрларды тазалауды тапсырды
1 сағат бұрын
-
Шетелден әкелінген iPhone-дар неге сұр аймақта қалып қойды: Министрлік өкілі жауап берді
1 сағат бұрын
-
Грузияда суррогат ана қызметіне толық тыйым салуды қарастырып жатыр
4 сағат бұрын
-
Қарағанды циркінде акробат биіктіктен құлап, жарақат алды
4 сағат бұрын
-
Иранда хиджабсыз ән айтқан Парасту Ахмади жазаланды
4 сағат бұрын
-
Ерсайын Нағаспаев «ҚТЖ» компаниясын басқарды
4 сағат бұрын
-
Президент Ерсайын Нағаспаевты құрылыс министрі қызметінен босатты
5 сағат бұрын
-
Қазақстанда бастапқы жарнасы 10 пайыздық жаңа ипотека іске қосылуы мүмкін
5 сағат бұрын
-
Жаслан Мәдиев еліміздегі мобильді интернеттің орташа құнын атады
5 сағат бұрын
-
2027 жылы Қазақстанда ең жоғары декреттік төлем мөлшері 29 пайызға өседі
6 сағат бұрын
-
Мектеп бағдарламасына бокс пен дзюдо енгізіле ме? Қазақстан Халық Кеңесінде маңызды бастамалар көтерілді
7 сағат бұрын
-
Қазақстанда бедеулікті емдеу мен ЭКО жасату тәртібі түбегейлі өзгерді
7 сағат бұрын
-
АҚШ-та 1000-нан астам әуе рейсі тоқтап қалды
7 сағат бұрын
-
Қазақстанда шетелге шығу құжатын рәсімдеу ережесі өзгерді
1 күн бұрын
-
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында: ШҚО-да ауыл шаруашылығы қауіпсіздігін күшейтетін қандай жоба жүзеге асты
1 күн бұрын
-
Экологияға жанашырлық: ғалымдар Almaty SuperSki жобасының экологияға зиянсыз екенін растады
1 күн бұрын
-
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеті 2027 жылдың соңына дейін көліктер үшін жабылады
1 күн бұрын
-
Елде шошқа тұмауының 295 дерегі тіркелді: Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі ахуалды түсіндірді
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі қай қалада және қашан өтеді
1 күн бұрын
-
Президент Қазақстанның стратегиялық дамуын жоспарлайтын жаңа сарапшылар тобын бекітті
1 күн бұрын
-
Алматыда жаңа жыл түнінде отшашу атқандарға 130 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
1 күн бұрын
-
Ақтөбе облысында мектеп бухгалтерлері директордың ЭЦҚ кілті арқылы 82 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
1 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның Білім министрі емтихандағы жасанды интеллект дауынан кейін қызметінен кетті
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі өтуі мүмкін екі ірі спорт аренасы аталды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда мемлекеттік органдардың формалды жауаптарына қатысты шағымдар көбейді
1 күн бұрын
-
23–27 қараша аралығында Алматының бірқатар ауданында жарық болмайды
1 күн бұрын
-
Еуропада қымбатшылық пен баспана бағасының өсуіне қарсы жаппай ереуілдер басталды
1 күн бұрын
-
Словакияда төрт қазақстандық студент полиция болып көрініп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді
2 күн бұрын
-
Жапонияда жанартау атқылады
2 күн бұрын
-
Асу Алмабаев Хоригутиге есе жіберді
2 күн бұрын
-
Дияр Нұрғожай америкалық файтерді 2-раундта нокаутқа жіберді
2 күн бұрын
-
Қазақстанның 10 театры ALMATY THEATRE FEST фестивалінде қойылымдарын ұсынды
2 күн бұрын
-
Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай: ШҚО-да ветеринариялық жаңа нысан ашылды
3 күн бұрын
-
Грузия алты адамның өмірін қиған жарылыстан кейін аза тұту күнін жариялады
3 күн бұрын
-
Шымкентте пара алған ТЖБ маманы мен пара берген департамент басшысына сот үкімі шықты
3 күн бұрын
-
Қазақстанда алимент бойынша қарыз 19 млрд теңгеден асты
4 күн бұрын
-
ТМД ПАА ЖИ-ді экстремизмге қолдануға қарсы модельдік заң қабылдады
4 күн бұрын
-
Астанада ғылыми гранттың 297 миллион теңгесін жымқырғандар мен 1,7 миллион теңге пара алған сарапшы ұсталды
4 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға бөлінген 945 миллион теңге қолды болғаны әшкереленді
4 күн бұрын
-
Қазақстанның аграрлық экспорты 35 пайызға өсті
4 күн бұрын
-
Қосшыға дейінгі LRT үшін бұзылатын үйлердің тізімі әлі бекітілмеген
4 күн бұрын
-
Түркияның қор нарығындағы дауға байланысты 136 адам қамауға алынды
4 күн бұрын
-
АҚШ-ты дүрліктірген цифрлық дағдарыстан кейін Ақ үйде алғашқы ірі кадрлық шешім қабылданды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға толық тыйым салу ұсынылды
4 күн бұрын
-
Ақтөбелік студент оқуына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген
4 күн бұрын
-
ҚазҰУ-дағы қаза тапқан студент қызға қатысты тергеу басталды
4 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның алып әуе компаниясы Қазақстан нарығына шығады: Korean Air алғашқы рейстерді қашан ашады
4 күн бұрын
-
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып, көз жұмды
4 күн бұрын
-
Жалақы сақталады, демалыс көбейеді: Бразилия жұмыс аптасын қысқартып, қоғамдық көлікті тегін етпек
4 күн бұрын
-
Instagram көптен күткен функцияны іске қосты: Eнді жарияланған стористі өшірмей-ақ өзгертуге болады
4 күн бұрын