$ 493.85 € 571.78 ₽ 6.25

Иран Ормуз бұғазын ашады: Бірақ бір шартпен

Редакция
10 наурыз 2026, 16:10
Иран Ормуз бұғазын ашады: Бірақ бір шартпен Сурет авторы: BBC

Иран елден АҚШ пен Израиль елшілерін шығаратын мемлекеттерге Ормуз бұғазы арқылы еркін қатынауға рұқсат беретінін мәлімдеді. Бұл туралы 10 наурызда Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) хабарлады, деп жазады РИА Новости.

ИРСК мәліметінше, АҚШ пен Израиль елшілерін өз аумағынан шығаратын араб немесе еуропалық елдер Ормуз бұғазы арқылы еркін жүру құқығына ие болады.

«Өз аумағынан израильдік және америкалық елшілерді шығаратын кез келген араб немесе еуропалық мемлекет Ормуз бұғазы арқылы толық еркіндікпен өту құқығын алады», – делінген ISNA агенттігі келтірген ИРСК мәлімдемесінде.

Ормуз бұғазы – әлемдегі ең маңызды теңіз жолдарының бірі саналады. Ол арқылы Таяу Шығыстан әлемдік нарыққа мұнай мен газдың едәуір бөлігі тасымалданады. Сондықтан бұл аймақтағы кез келген саяси немесе әскери мәлімдеме жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке әсер етуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар