Еуропаға сапар қиындай ма? Шенген аймағы жаңа ереже енгізді
Сурет авторы: shutterstock
2025 жылғы 12 қазаннан бастап Еуропалық Одаққа кірмейтін елдердің азаматтары үшін Шенген аймағына кірудің жаңа тәртібі енгізіледі. Бұл туралы Еуропалық комиссия хабарлады.
29 еуропалық елдің шекарасында Entry/Exit System (EES) – яғни электронды кіру және шығу жүйесі іске қосылады. Ол биометриялық мәліметтерді жинап, тексеруді көздейді. Жүйе әуежайларда, теміржол және автокөлік өткізу бекеттерінде, теңіз порттарында орнатылады.
Кімдерге қатысты болады?
EES жүйесі Шенген аймағына қысқа мерзімге (180 күннің ішінде 90 күнге дейін) келетін үшінші елдердің азаматтарына қолданылады. Ал Шенген елдерінде тұруға рұқсаты бар азаматтарға бұл талап жүрмейді.
Кіру тәртібі қалай өзгереді?
Жаңа жүйе бойынша алғаш рет кіргенде саусақ ізі мен бет бейнесі түсіріліп, паспорт деректерімен бірге электронды базаға енгізіледі. Келесі сапарларда бұл биометриялық деректер жүйемен автоматты түрде салыстырылады. 12 жасқа дейінгі балалардан саусақ ізі алынбайды.
Жолаушылар тіркеуді EES терминалдары арқылы немесе шекарадағы арнайы автоматтарда орындайды. Мұндай автоматтар биометриялық паспорт иелеріне арналған.
Жүйе біртіндеп енгізіледі
Барлық шекаралық бекет бірден жаңа жүйеге көшпейді. EES толық көлемде 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін іске қосылады. Ал Чехия, Эстония және Люксембург бірден бұл жүйені толық енгізеді.
Алғашқы алты айда шекарадан өту дәстүрлі мөр басу рәсімімен қатар жүргізіледі. Осы кезеңде жүйеге жолаушылардың биометриялық деректері де енгізіледі.
EES жүйесінің мақсаты
Еуропалық комиссияның түсіндіруінше, EES жүйесінің мақсаты – шекаралық бақылауды жеделдету және қауіпсіздікті арттыру. Биометриялық және паспорт деректері бір рет тіркелген соң, келесі сапарларда тексеру әлдеқайда жылдам болады.
Еурокомиссияның ресми өкілі Марк Ламмерттің айтуынша, жаңа жүйе жолаушыларға ыңғайлылық туғызып қана қоймай, виза режимін теріс пайдаланатын немесе шектеулі мерзімнен артық жүрген азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Егер адам Шенген аймағында 180 күннің ішінде 90 күннен артық болған болса, оған қайта кіруге тыйым салынады, ал бұл туралы ақпарат EES базасына тіркеледі.
Жалпы еуропалық деректер базасы
Енді Шенген аймағындағы барлық ел ортақ деректер базасын пайдаланады. Бұл шекара қызметіне және құқық қорғау органдарына жолаушылар қозғалысын бақылап, қауіпсіздік пен терроризмге қарсы күресті күшейтуге мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
-
Трамп Иранға қарсы ауқымды соққыларды әзірге тоқтата тұрды
8 сағат бұрын
-
Берлинде ЛГБТ шеруіне шыққандарды көлік қақты: бір адам қаза тапты
9 сағат бұрын
-
Қазақстан Ресейге артық мұнай өнімдерін жеткізуі мүмкін
10 сағат бұрын
-
АҚШ Украинаға Қазақстан мұнайын таситын кемелерге соққы бермеуді ескертті
10 сағат бұрын
-
Қазақстан Қашаған операторының мүлкін бұғаттап тастады
10 сағат бұрын
-
Украина Тоқаевтың қақтығысты тоқтату туралы мәлімдемесіне үн қатты
11 сағат бұрын
-
Тоқаев соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды: Кремль не деді?
1 күн бұрын
-
Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды
1 күн бұрын
-
Ғасырлар бойы шешілмеген математикалық есепті екі қытайлық ғалым шешіп, әлемдегі ең беделді сыйлықты жеңіп алды
2 күн бұрын
-
Зейнетақы жинағын кімге сеніп тапсыру керек? Ұлттық банк басшысы кеңес берді
2 күн бұрын
-
«Айырмашылығы жер мен көктей»: Туристер неге Оңтүстік Кореяда денсаулық тексертуге құмар
2 күн бұрын
-
Өзбекстанда келінін өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген ене 5 жылға сотталды
2 күн бұрын
-
Доллар күрт қымбаттады
2 күн бұрын
-
Африкада маймылдың жаңа түрі табылды (ФОТО)
2 күн бұрын
-
АҚШ-тың жаңа сауда салығы Қазақстанға қалай әсер етеді: Министрлік жауап берді
2 күн бұрын
-
Балаларын қағып, қашып кеткен: Шырылдаған әке әділдік іздеп жүр
2 күн бұрын
-
БҚО-да ер адам жұмыстан кешіккені үшін түрмеге қамала жаздады
2 күн бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы төмендетті
2 күн бұрын
-
Атырауда түнде фейерверк атып, жұрттың мазасын алған екі адам жауапқа тартылды
2 күн бұрын
-
Вьетнамнан экстрадиция: Наркобизнеске бөлінген 2,5 млрд теңгені жымқырған күдікті Қазақстанға қайтарылды
2 күн бұрын
-
Қарағанды облысындағы кен байыту комбинатында жұмысшы қаза тапты
2 күн бұрын
-
Жапонияда шошқаның бүйрегін адамға салып көрмек
2 күн бұрын
-
Сағатына 200 шақырым: Астанада заманауи әуе таксиі таныстырылды
2 күн бұрын
-
Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкция енгізді: тізімге Қазақстандағы ұйымдар да енді
2 күн бұрын
-
ШҚО: Катонқарағай ауданында ауқымды экологиялық сенбілік өтті
2 күн бұрын
-
Трамп жаңа баж салығын енгізді: тізімде Қазақстан да бар
2 күн бұрын
-
Энергетика министрлігі мұнай өндірісінің неге азайғанын түсіндірді
3 күн бұрын
-
Дрон шабуылдарынан кейін Қазақстанда мұнай өндірісі күрт азайды – Reuters
3 күн бұрын
-
Әлем чемпионы Испанияның $ 51 млн жүлдесінің $17 млн АҚШ салық үшін ұстап қалуы мүмкін
3 күн бұрын
-
Жұмыс істейтін қазақстандықтардың жартысынан азы зейнетақы жарнасын тұрақты аударады
3 күн бұрын
-
Қазақстанда қолдан жаңбыр жауғызудың салдары зерттеліп жатқан жоқ
3 күн бұрын
-
Алматыда Альцгеймер ауруын емдеуге арналған жаңа технология таныстырылды
3 күн бұрын
-
OpenAI жасанды интеллект агенті сынақ кезінде бақылаудан шығып, Hugging Face жүйесіне кибершабуыл жасады
3 күн бұрын
-
ҰҚК Батыс Қазақстан университеті ректорына қатысты тергеуді растады
3 күн бұрын
-
Алматыда көп әйел алуды насихаттаған ер адам жауапқа тартылды (ВИДЕО)
3 күн бұрын
-
Қазақстаннан 112 тоннадан астам жанар-жағармайды заңсыз шығармақ болған
3 күн бұрын
-
KazSat-3R байланыс серігін жасауға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
3 күн бұрын
-
Ұлттық банктен де жоғары табыс: Жеке компаниялар азаматтардың зейнетақы жинағын қалай көбейтіп жатыр?
3 күн бұрын
-
Түркістан облысында 3 млрд теңгеден астам қаржы жымқырған 27 адам сотталды
3 күн бұрын
-
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Омониядан» ұтылды
3 күн бұрын
-
Қазақстан 2,3 триллион теңге айыппұлды төлемесе NCOC компаниясын қылмыстық жауапқа тартуы мүмкін
4 күн бұрын
-
Тұрғындар сұраған өзгерістер жүзеге асты: Жетісу ауданында ауқымды жаңғырту жүріп жатыр
4 күн бұрын
-
Аяқ жүні харассменті: Ерлердің жаңа дресс-коды неге әйелдердің наразылығын тудырды
4 күн бұрын
-
Салтанат Нүкенова ісі: Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады
4 күн бұрын
-
Пентагон Иранмен соғысты жалғастыруға қаржы жетіспейтінін айтты
4 күн бұрын
-
Еліміздің кейбір өңіріне аптап ыстық қайта оралады
4 күн бұрын
-
Қазақстанда ауыр жүк көліктеріне маусымдық шектеу енгізілді
4 күн бұрын
-
Дрон шабуылдарынан кейін КҚК арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдау тоқтады
4 күн бұрын
-
YouTube ЖИ-видеоларға ақша төлеуді тоқтатады
4 күн бұрын
-
25 тамыздан бастап жүргізушілерге қойылатын жаңа талаптар күшіне енеді
4 күн бұрын