Дубай әуежайы тағы да дрон соққысына ұшырады
Сурет авторы: Xia Xiao/Xinhua/picture alliance
Дубай халықаралық әуежайы маңында дрон шабуылынан кейін өрт шығып, әуе қатынасы уақытша тоқтатылды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта тілсіз жау бақылауға алынған. Бұл — соғыс басталғалы бері аталған әуежайға жасалған үшінші дрон шабуылы, деп хабарлайды DW.com
Дүйсенбі, 16 наурызда БАӘ Азаматтық авиация басқармасы X әлеуметтік желісінде хабарлағандай, қауіпсіздік шараларына байланысты рейстер уақытша тоқтатылды. Жұмыстың қашан қайта жанданатыны әлі белгісіз.
Ведомство мәліметінше, бұл шешім "барлық жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы сақтық шарасы" ретінде қабылданған.
"Дубай әуежайы маңындағы дрон оқиғасы жанармай резервуарларының біріне әсер етті", — деп хабарлады Дубайдың баспасөз қызметі.
Полиция әуежайға апаратын жолдар мен туннельдерде қозғалыстың уақытша шектелгенін, ал Emirates әуе компаниясы Дубайға бағытталған рейстерді тоқтатқанын нақтылады. Бірқатар рейстер Аль-Мактум халықаралық әуежайына бағытталды.
Reuters-тің еске салуынша, бұл оқиға — 28 ақпанда Иранның Парсы шығанағы елдеріне жасаған шабуылдарынан бері әлемдегі ең ірі көлік хабтарының бірі болып табылатын Дубай әуежайындағы үшінші жағдай.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы халықаралық авиацияда хаос тудырды. Таяу Шығыс әуе кеңістігінің басым бөлігі зымыран мен дрон шабуылдары қаупіне байланысты жабық қалып отыр, бұл рейстердің тоқтатылуына, кешігуіне және жанармай бағасының күрт өсуіне әкеп соқты.
БАӘ билігінің мәлімдеуінше, соғыс басталғалы бері елдің әуе қорғанысы жүйесі 1500-ден астам ирандық дронды және 300-ге жуық зымыранды атып түсірген. БАӘ Қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша, қақтығыстың шиеленісу кезеңінен бері алты адам қаза тапты, оның төртеуі — бейбіт тұрғындар.
28 ақпаннан бастап АҚШ пен Израиль Иранға жаппай әуе соққыларын жасап келеді. Соның салдарынан Ислам Республикасының рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи мен ирандық басшылықтың өзге де мүшелері қаза тапты. Бұған жауап ретінде Иран Израиль мен Парсы шығанағы елдерінің аумағына соққы беруде.
Бұдан бөлек, Тегеран Парсы шығанағы мен Үнді мұхитын жалғап тұрған, әлемдік мұнай саудасының бестен бірі өтетін Ормуз бұғазын коммерциялық кемелер үшін жабатынын жариялады. Бұл бүкіл әлемде жанармай бағасының шарықтауына себеп болды. 10 наурызда Иранның Ормуз бұғазын миналай бастағаны туралы хабар тарады. АҚШ ирандық 16 мина қойғыш катерді жойған.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
12 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
15 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
15 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
16 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
16 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
16 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
17 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
17 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
19 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
20 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
20 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
21 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
22 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
22 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
22 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын