$ 475.09 € 551.06 ₽ 5.87

Дональд Трамп Иранды «тас дәуіріне» қайтаруға уәде берді

Редакция
02 сәуір 2026, 10:14
Дональд Трамп Иранды «тас дәуіріне» қайтаруға уәде берді Сурет авторы: Дональд Трамп - РИА Новости, 1920, 02.04.2026 © REUTERS / Evan Vucci

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияның шешуші кезеңіне келгенін мәлімдеп, халықаралық қауымдастықты дүр сілкіндірді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамп алдағы екі-үш апта ішінде Иранға жойқын әрі агрессивті соққылар жасалатынын ашық айтты.

«Біз оларды өздеріне лайықты тас дәуіріне қайтарамыз», - деді АҚШ басшысы ұлтқа арнаған үндеуінде.

Оның пайымдауынша, 32 күнге созылған әскери қимылдар кезінде америкалық армия айтарлықтай басымдыққа ие болып, Иранның қауіпсіздікке төндіретін қауқарын жойған.

Ақпан айының соңынан басталған АҚШ пен Израильдің біріккен шабуылдары Таяу Шығыстағы жағдайды шегіне жеткізді. Мыңдаған адамның өмірін қиған бұл қақтығысқа жауап ретінде Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) америкалық технологиялық алпауыттардың кеңселеріне соққы жасалатынын ескерткен болатын.

 Алайда Трамп соғыстан шаршаған америкалықтарды сабырға шақырып, жеңістің ауылы жақын екеніне сендіруде. Қазіргі уақытта АҚШ-тың негізгі стратегиялық міндеттері орындалуға жақын, бірақ алдағы үш апта аймақ тағдыры үшін ең қауіпті кезең болмақ.

Соңғы жаңалықтар