$ 482.53 € 555.44 ₽ 5.92

Доллар бетінде Трамптың қолтаңбасы пайда болады

Редакция
27 наурыз 2026, 09:28
Доллар бетінде Трамптың қолтаңбасы пайда болады Сурет авторы: PБК

АҚШ Қаржы министрлігі әлемдік қаржы нарығын дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Енді американдық банкноттарда ел президенті Дональд Трамптың қолтаңбасы басылатын болады.

Бұл - Америка тарихындағы тұңғыш оқиға. Осы уақытқа дейін доллар бетінде тек Қаржы министрі мен АҚШ Қазынашысының қолтаңбалары ғана орналасатын. Бұл шешім АҚШ-тың алдағы 250 жылдық мерейтойына орай қабылданған.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент бұл қадамды экономикалық өрлеудің символы деп атады:

«Трамптың басшылығымен біз теңдессіз экономикалық өсімге және доллардың үстемдігіне қол жеткіздік. Оның есімін долларға жазу — ұлы еліміз бен президенттің тарихи жетістіктерін атап өтудің ең салмақты жолы», - деді министр.

Қазынашы Брэндон Бич те бұл шешімді қолдап, Трампты «Американың экономикалық жаңғыруы мен Алтын ғасырының архитекторы» деп сипаттады. Оның айтуынша, мемлекет басшысының қолтаңбасы ақша бетінде орын алуы - әділетті әрі лайықты құрмет.

 

Соңғы жаңалықтар