$ 494.28 € 587.06 ₽ 6.4

Даулы каска: Украиналық спортшы Олимпиададан шеттетілді

Редакция
12 ақпан 2026, 14:54
Даулы каска: Украиналық спортшы Олимпиададан шеттетілді Сурет авторы: Reuters

Кортина-д'Ампеццо, Италия. Украиналық скелетоншы Владислав Гераскевич 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының ресми жарысынан шеттетілді. Бұл шешімге спортшының соғыста қаза тапқан украин атлеттерінің суреттері бейнеленген каскамен шығудан бас тартпауы себеп болды, деп хабарлайды dw.com

Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, Гераскевичтің «естелік каскасы» ХОК-тың спортшылардың өзін-өзі көрсетуіне қатысты ережелеріне сәйкес келмейді. 

 «Бүгін таңертең ХОК Атлеттер комиссиясының төрағасы Кирсти Ковентримен өткен соңғы кездесуге қарамастан, Гераскевич ешқандай ымыраға келу нұсқаларын қарастырмады», — делінген ресми хабарламада.

Владислав Гераскевичтің каскасында Ресейдің Украинаға басып кіруі салдарынан қаза тапқан спортшылардың суреттері бар. 

Спортшы бұл әрекетін саяси насихат емес, адамгершілік парыз деп санайды. «Мен ХОК шешімімен келіспеймін, өйткені біз ешқандай ережені бұзған жоқпыз. Бұл каскада саяси насихат, кемсітушілік немесе нәсілшілдік нышаны жоқ», - деп мәлімдеді Гераскевич шеттетілер алдында.

Соңғы жаңалықтар