Болгария Президенті отставкаға кететінін жариялады
Сурет авторы: bnrnews
Болгария Президенті Румен Радев өз қызметінен кететінін мәлімдеді. Халыққа арнаған үндеуінде ол отставкаға кету туралы өтінішін 20 қаңтарда беретінін атап өтті, деп хабарлайды informburo.
«Осы тоғыз жыл ішінде президент лауазымында біз президент пен вице-президенттің ортақ мақсатқа бірігіп, тиімді әрі үйлесімді жұмыс істей алатынын көрсеттік. Илияна Йотова (Болгарияның вице-президенті) лайықты мемлекет басшысы болатынына сенімдімін», - деді Румен Радев.
Ол өз басқаруы кезеңінде Болгарияның 2020 және 2025 жылдары ірі наразылықтарды бастан өткергенін еске салды. Осы уақыт ішінде жеті рет уақытша үкімет тағайындалған.
«Бүгін мен сіздерге соңғы рет Болгария Президенті ретінде үндеу жолдап отырмын. Осы тоғыз жылда Болгария барлық тұрақты және уақытша үкіметтер тер төге жұмыс істеген еуропалық интеграция процесін аяқтады. Қазір біз Шенген аймағы мен еуроаймақтың мүшесіміз - бұл біздің қоғамның сонау 1990-шы жылдардың соңында алға қойған мақсаты болатын», - деді Радев.
Президент азаматтардан кешірім сұрап, сенім білдіргендері мен төзімділіктері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар ол елдегі барлық саяси мәселелердің төркіні «сырттай демократия болып көрінгенімен, іс жүзінде олигархия тетіктерімен жұмыс істейтін кеселді басқару моделінде» жатқанын мәлімдеді.
«Болгария саясаты мемлекеттік институттардан тыс дамып жатыр. Көлеңкедегі «қуыршақ ойнатушылар» камералар алдында бой көрсетуден және Ұлттық жиналысқа бұйрық беруден тартынбайды. Олар премьер-министрдің көзінше үкімет атынан сөйлейді. Партияларды, банктерді, кәсіпорындар мен БАҚ-ты басып алады. Билікті саяси қарсыластарына қарсы сойыл ретінде пайдаланады», - деп тізіп өтті мемлекет басшысы.
Ол 2025 жылдың күзінде наразылыққа шыққан жастардың оған жігер бергенін атап өтті.
«Бұл біздің халқымыздың психологиясындағы бетбұрыс кезеңі болды. Сондықтан көнуді, немқұрайлылықты және тек жеке басын құтқаруға тырысуды тоқтататын уақыт келді. Бізді өткенге байлап қойған келіспеушіліктерді артқа тастауымыз керек. Дәл осы алаңдағы бірлік бізге алға бастар жолды көрсетті», - деді Румен Радев.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, президенттің отставкаға кетуі күтілген шешім. Болгария соңғы төрт жылдағы сегізінші парламенттік сайлауға дайындалуда. Радев алдағы айларда өтетін сайлауға қатысу үшін өз саяси партиясын құруы мүмкін деп болжануда.
2025 жылдың қараша айының соңынан бастап Болгарияда наразылық шаралары өтті. Наразылық білдірушілер салық саясаты мен әлеуметтік жарналардың өсуіне қарсы шықты. Халық биліктің ауысуын және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді талап етті. 11 желтоқсанда Болгария премьер-министрі Росен Желязков өз кабинетінің отставкаға кететінін ресми түрде жариялаған болатын.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын