$ 491.68 € 568.23 ₽ 6.2

Аустралиядағы жасөспірімдер тыйымға қарамастан, әлеуметтік желілерді әлі де қолданып жүр

Редакция
13 наурыз 2026, 10:38
Аустралиядағы жасөспірімдер тыйымға қарамастан, әлеуметтік желілерді әлі де қолданып жүр Сурет авторы: Reuters

Аустралияда 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға ресми түрде тыйым салынғанына екі ай өтсе де, жастардың едәуір бөлігі TikTok пен Snapchat-тан бас тартар емес. Қатаң заң мен миллиондаған айыппұлдарға қарамастан, әрбір бесінші жасөспірім әлі де онлайн платформаларда отыр.

13-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 20%-дан астамы шектеулерге қарамастан әлеуметтік желілерді қолдануды жалғастыруда.Snapchat пайдаланушыларының саны 13,8%-ға, ал TikTok қолданушылары 5,7%-ға азайған. Дегенмен, бұл үкімет күткендей жаппай бас тартуға әкелген жоқ.

Егер платформалар (Meta, TikTok, Google) жас мөлшерін тексеруді дұрыс жүзеге асырмаса, оларға 49,5 миллион аустралиялық доллар ($35 млн) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай әлеуметтік желілердің жасты анықтау технологияларының әлсіздігін көрсетеді. Байланыс министрі Аника Уэллс бұл "мәдени өзгеріс" екенін және нәтижеге жету үшін уақыт керек екенін алға тартуда.

Соңғы жаңалықтар