$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Әлемдегі ең қарт президент тағы да сайлауға түспек

Редакция
08 тамыз 2025 11:20 418
Әлемдегі ең қарт президент тағы да сайлауға түспек Сурет авторы: euroradio.fm

Камерун Конституциялық кеңесі оппозиция жетекшісі Морис Камтоны 12 қазанда өтетін президенттік сайлаудан шеттету туралы шешімді қолдады. Ал биліктегі 92 жастағы Пол Бия сегізінші мерзімге сайлауға түсуге рұқсат алды. Егер ол жеңіске жетсе, 100 жасқа таяғанша билікте отырады. Бұл жөнінде bbc.com хабарлады.


Камтоны қолдаған Манидем партиясының ішінде дау туып, басқа адамды ұсынған соң, оның құжаты қабылданбады. Адвокаттары мұны әділетсіз шешім деп отыр. Сайлауға қатысуға өтініш берген 83 адамның тек 12-сі ғана тіркелді.

Негізгі үміткерлер:

Пол Бия – 1982 жылдан бері билікте отырған, CPDM партиясының көшбасшысы.

Белло Буба Майгари – солтүстік аймақтан шыққан тәжірибелі саясаткер, бұрынғы премьер-министр.

Исса Чирома Бакари – бұрынғы министр, CNSF партиясының жетекшісі.

Кабрал Либии – жас парламент депутаты, PCRN партиясының президенті, 2018 жылы үшінші орын алған.

Акере Муна – халықаралық беделге ие заңгер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескер.

Джошуа Осих – SDF партиясының жетекшісі, әлеуметтік реформаларды уәде етеді.

 

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар