$ 514.74 € 599.36 ₽ 6.71

АҚШ-та мини-көліктер дәуірі басталуы мүмкін бе?

Редакция
09 желтоқсан 2025 10:55 155
АҚШ-та мини-көліктер дәуірі басталуы мүмкін бе? Сурет авторы: Jacob Oliva/Autoblog

АҚШ президенті Дональд Трамптың Жапонияға сапарынан кейін Америка жолдарында шағын көліктер пайда болуы мүмкін. Елдегі кең таралған қуатты SUV көліктері жапонияда танымал төрт орынды, 660 куб см көлемдегі “kei car” атты шағын автокөліктерге жол беріп қалуы ықтимал,деп хабарлайды Breaking news English.

Президент Трамп бұл көліктерді «арзан, қауіпсіз, жанармай үнемдейтін және керемет» деп сипаттап, АҚШ-та өндірілетінін мақұлдағанын айтты. Оның айтуынша, кей карларды шығару бойынша өндіріс кедергілерін толық алып тастау қажет.

Жапонияда kei car-лар жаңа сатылатын көліктердің үштен бірін құрайды және тар көшелерге өте ыңғайлы. Алайда АҚШ-та оларды заңды жолда жүргізу үшін арнайы заң қабылдануы керек.

Трамп көлік өндірісіндегі кедергілерді алып тастау үшін Құрылыс және көлік министрі Шон Даффиге нұсқау берді. Даффи былай деді:

«Егер Toyota немесе кез келген басқа компания кішірек, арзан әрі жанармай үнемдейтін көліктер шығарғысы келсе, біз оларды АҚШ-та сату үшін барлық кедергілерді жойдық»

Соңғы жаңалықтар