$ 537.34 € 623.05 ₽ 6.65

АҚШ-та 55 млн виза иесі заң бойынша тексеріледі

Дулат Абдраманов
22 тамыз 2025 12:17 302
АҚШ 55 млн виза алған азаматқа тексеріс жүргізеді
АҚШ-та 55 млн виза иесі заң бойынша тексеріледі Сурет авторы: visahelp.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі елге кірген 55 миллионнан астам виза иесін тексеруді бастады. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, тексеріс барысында виза иелерінің:

- елде рұқсат етілген мерзімнен артық тұруы;

- қылмыс жасауы;

- қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруі;

- терроризмге қатысуы немесе террористік ұйымдарды қолдауы
анықталса, олардың визасы жойылып, елден шығарылуы мүмкін.

Әкімшілік мұндай қадамды иммиграциялық бақылауды күшейту және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасап отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл шара АҚШ-та уақытша немесе тұрақты тұратын шетелдіктерге, сондай-ақ жұмыс және студенттік визамен келгендерге әсер етуі ықтимал.

Қазірдің өзінде Трамп әкімшілігі иммиграцияны қатаң бақылауға алып, шекарадағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған бірнеше бастама көтерген. Жаңа тексеріс сол саясаттың жалғасы саналады.

Соңғы жаңалықтар