$ 518.39 € 603.09 ₽ 6.68

АҚШ шетелдік туристердің әлеуметтік желілерін тексереді

Редакция
11 желтоқсан 2025, 10:09
АҚШ шетелдік туристердің әлеуметтік желілерін тексереді Сурет авторы: news.pn

АҚШ президентінің әкімшілігі елге кіретін барлық шетелдік туристен соңғы бес жыл ішінде қолданған әлеуметтік желілерінің тарихын көрсетуді міндеттеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды NBC News.

Кедендік және шекаралық қызметтің хабарламасына сәйкес, бұл талап АҚШ-қа кіретін барлық адамға міндетті болады, тіпті Ұлыбритания немесе Германия сияқты визасыз кіруге құқығы бар елдердің азаматтарына да.

Кедендік және шекаралық қызмет бұл деректер шетелдіктердің қауіпті не қауіпті емес екенін анықтау үшін қажет екенін айтты. Бұған қоса, туристтен оның отбасы мүшелері туралы деректерді де сұрау көзделген.

2025 жылдың маусымында АҚШ Мемлекеттік департаменті кейбір виза санаты бойынша өтініш берушілерден әлеуметтік желідегі парақшаларын көпшілікке ашық етуге міндеттейтін талап енгізген. Бұл өзгеріс халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылардың сынына себеп болды. Electronic Frontier Foundation ұйымы мұндай бақылау бұрын-соңды болмағанын айтып, оны шетелдік студенттер мен мигранттардың онлайн белсенділігін шектеу деп бағалады.

Соңғы жылдары АҚШ қауіпсіздік мәселелеріне байланысты бірқатар ел азаматтарының кіруіне толық және ішінара тыйым салған. Сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік желілерді тексеру жүйесі осы бағыттағы бақылауды одан әрі күшейтеді.

Соңғы жаңалықтар