$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

АҚШ өз еркімен елден кететін мигранттарға 3000 доллар төлейді

Редакция
23 желтоқсан 2025, 16:14
АҚШ өз еркімен елден кететін мигранттарға 3000 доллар төлейді Сурет авторы: CBS news

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі осы жылдың соңына дейін елден өз еркімен кететін заңсыз мигранттарға төленетін өтемақы мөлшерін 1000 доллардан 3000 долларға дейін ұлғайтты. Бұл туралы CBS News хабарлады.

Өтемақыны алу үшін өз еркімен депортациялануға арналған CBP Home қосымшасында тіркелу қажет.

Хабарламада айтылғандай, егер заңсыз мигранттар 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін CBP Home смартфон қосымшасы арқылы елден өз еркімен кететін болса, оларға өз еліне дейін тегін ұшақ билеті беріледі. Сондай-ақ олар АҚШ-та заңсыз болғаны үшін салынатын кейбір азаматтық айыппұлдар мен жазалардан босатылады.

Соңғы жаңалықтар