$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Енді АҚШ-қа туристік виза алатындар 15000$ төлейді

Редакция
05 тамыз 2025, 10:20
Енді АҚШ-қа туристік виза алатындар 15000$ төлейді Сурет авторы: Tengrinews.kz

АҚШ визалық ережелерді жиі бұзатын елдердің азаматтарына қатысты жаңа ереже енгізбек. 2025 жылдың 20 тамызынан бастап кейбір шетелдіктерге туристік немесе іскерлік виза алу үшін 5 000-нан 15 000 долларға дейін кепіл ақша төлеу керек болады, деп хабарлайды Reuters.com

Бұл кепілді әр елдің жағдайына қарай АҚШ-тың консулдық қызметкерлері белгілейді. Егер адам виза мерзімін бұзбай, елден уақытында кетсе - кепіл сомасы толық қайтарылады. Ал ереже бұзылса, ақша қайтарылмайды.

Жаңа талап тек виза мерзімін жиі бұзатын елдердің азаматтарына қатысты. Ал АҚШ-пен арнайы келісімі бар елдер бұл ережеден босатылады.

Мамандардың айтуынша, бұл жаңалық туристердің АҚШ-қа келуін азайтуы мүмкін. Ал АҚШ билігі мұндай қадам заңсыз көші-қонды азайту үшін қажет дейді.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар