$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Zoom-да өткен жиналыс кезінде қызметкерін құшақтап тұрған басшы қызметінен босатылды

Абдрахманов Мағжан
25 шілде 2025 16:48 4588
Zoom-да өткен жиналыс кезінде қызметкерін құшақтап тұрған басшы қызметінен босатылды

Самарқанд облысындағы Кедейлікті қысқарту және жұмыспен қамту басқармасының қызметкері Zoom платформасындағы жиналыс кезінде әріптесімен камера қосулы күйде орынсыз әрекетке барғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, кең резонанс тудырды.

Бұл жағдайға байланысты Кедейлікті қысқарту және жұмыспен қамту министрлігі ресми мәлімдеме жасап, видеодағы қызметкерлердің жеке тұлғасы мен оқиға орны нақты көрсетілмегенімен, аталған қызметкерлермен еңбек шарты бұзылғанын хабарлады.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, видео кейіпкері 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Қаттықорған аудандық Кедейлікті қысқарту және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

Министрлік мәлімдемесінде: “Қызметтік тәртіп пен этика нормаларын бұзуға министрлік мүлде төзбеушілік қағидатын ұстанады”, – делінген.

Соңғы жаңалықтар