$ 467.63 € 547.69 ₽ 6.36

Үндістандағы жойқын дауыл салдарынан 89 адам қаза тапты

Редакция
14 мамыр 2026, 11:25
Үндістандағы жойқын дауыл салдарынан 89 адам қаза тапты Сурет авторы: All India Radio News в X

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған сұрапыл дауыл мен нөсер жауын салдарынан кем дегенде 89 адам опат болды. Бұл туралы "The Times of India" басылымы хабарлады.

Табиғи апат Праяградж, Пратапгарх, Бхадохи және Канпур-Дехат бастаған бірнеше округте жаппай қирауға әкеп соқтырған. Ресми мәліметтерге сәйкес, өлім-жітімнің негізгі себебі — ғимарат қабырғалары мен уақытша баспаналардың құлауы. Тұрғындардың көбі дүлей желден қорғану үшін осы нысандардың астына тығылған кезде, үйінді астында қалып қойған.

89 адам қаза тауып, 53 тұрғын түрлі дәрежедегі жарақат алды. Жүздеген ағаш тамырымен жұлынып, электр желілері үзілген. Көптеген елді мекендер жарықсыз қалды. Тілсіз жаудың салдарынан 114 бас мал қырылған. Ұялы байланыс желілерінің істен шығуы құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын айтарлықтай қиындатуда.

Қазіргі уақытта штат билігі келтірілген шығын көлемін есептеп, қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр. Мамандардың болжауынша, үйінділерді тазалау барысында құрбандар саны әлі де артуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар