Трамп: НАТО Украинаға АҚШ-тан қару сатып әпереді
Сурет авторы: Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп NBC арнасына берген сұхбатында Вашингтон НАТО-ға қару сата бастайтынын, ал Альянс бұл қаруды Украинаға жеткізетінін мәлімдеді.
«Біз НАТО-ға қару жібереміз, және НАТО бұл қару үшін 100% ақы төлейді. Яғни, біздің жіберген қаруымыз НАТО-ға барады, содан кейін НАТО бұл қаруды Украинаға жеткізеді», – деді Трамп.
Оның айтуынша, бұл – АҚШ, НАТО және Украина арасындағы жаңа келісім. Тараптар бұл келісімге маусымда өткен НАТО саммитінде қол жеткізген. Президент, әсіресе, Patriot зениттік-зымыран кешендерін жеткізуді атады.
Трамп Ресейге көңілі толмайтынын да жасырмады.
«Менің Ресейге көңілім толмай отыр. Бірақ алдағы бірнеше аптада не болатынын көреміз. 14 шілде күні Ресейге қатысты маңызды мәлімдеме жасаймын», – деді ол.
Ал НАТО тарапы Трамптың бұл мәлімдемесіне әзірге түсініктеме берген жоқ. Альянстың бас хатшысы Марк Рютте 10 шілдеде X әлеуметтік желісінде Трамппен сөйлескенін және Украинаға көбірек оқ-дәрі мен әуе шабуылына қарсы жүйелер жеткізуге шақырғанын жазды.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Украинаға қару-жарақты тікелей өз есебінен жеткізіп келген. Reuters мәліметінше, 2022 жылы басталған соғыстан бері АҚШ Конгресі Украинаға 175 миллиард доллар көлемінде көмек бөлген.
Трамп айтқан келісім НАТО қаржысы есебінен жүзеге аса ма, әлде мүше елдердің ұлттық бюджеттері арқылы жүргізіле ме, әзірге белгісіз. НАТО-ның жылдық бюджеті шамамен 4,6 млрд еуро болады, бұл жеке елдердің Украинаға көрсететін көмегінен бірнеше есе аз.
Альянс бюджетінің негізгі бөлігін АҚШ (15,88%) пен Германия (15,88%) құрайды. Одан кейінгі ірі үлес Ұлыбритания мен Францияға (10,19%), Италияға (8,53%) және Канадаға (6,68%) тиесілі. Қалған 26 елдің әрқайсысы 5%-дан аз үлеске ие.
Соңғы жаңалықтар
-
Шетелден әкелінген iPhone-дар неге сұр аймақта қалып қойды: Министрлік өкілі жауап берді
8 минут бұрын
-
Грузияда суррогат ана қызметіне толық тыйым салуды қарастырып жатыр
2 сағат бұрын
-
Қарағанды циркінде акробат биіктіктен құлап, жарақат алды
2 сағат бұрын
-
Иранда хиджабсыз ән айтқан Парасту Ахмади жазаланды
2 сағат бұрын
-
Ерсайын Нағаспаев «ҚТЖ» компаниясын басқарды
2 сағат бұрын
-
Президент Ерсайын Нағаспаевты құрылыс министрі қызметінен босатты
3 сағат бұрын
-
Қазақстанда бастапқы жарнасы 10 пайыздық жаңа ипотека іске қосылуы мүмкін
3 сағат бұрын
-
Жаслан Мәдиев еліміздегі мобильді интернеттің орташа құнын атады
4 сағат бұрын
-
2027 жылы Қазақстанда ең жоғары декреттік төлем мөлшері 29 пайызға өседі
4 сағат бұрын
-
Мектеп бағдарламасына бокс пен дзюдо енгізіле ме? Қазақстан Халық Кеңесінде маңызды бастамалар көтерілді
5 сағат бұрын
-
Қазақстанда бедеулікті емдеу мен ЭКО жасату тәртібі түбегейлі өзгерді
5 сағат бұрын
-
АҚШ-та 1000-нан астам әуе рейсі тоқтап қалды
5 сағат бұрын
-
Қазақстанда шетелге шығу құжатын рәсімдеу ережесі өзгерді
22 сағат бұрын
-
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында: ШҚО-да ауыл шаруашылығы қауіпсіздігін күшейтетін қандай жоба жүзеге асты
23 сағат бұрын
-
Экологияға жанашырлық: ғалымдар Almaty SuperSki жобасының экологияға зиянсыз екенін растады
23 сағат бұрын
-
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеті 2027 жылдың соңына дейін көліктер үшін жабылады
23 сағат бұрын
-
Елде шошқа тұмауының 295 дерегі тіркелді: Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі ахуалды түсіндірді
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі қай қалада және қашан өтеді
1 күн бұрын
-
Президент Қазақстанның стратегиялық дамуын жоспарлайтын жаңа сарапшылар тобын бекітті
1 күн бұрын
-
Алматыда жаңа жыл түнінде отшашу атқандарға 130 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
1 күн бұрын
-
Ақтөбе облысында мектеп бухгалтерлері директордың ЭЦҚ кілті арқылы 82 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
1 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның Білім министрі емтихандағы жасанды интеллект дауынан кейін қызметінен кетті
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі өтуі мүмкін екі ірі спорт аренасы аталды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда мемлекеттік органдардың формалды жауаптарына қатысты шағымдар көбейді
1 күн бұрын
-
23–27 қараша аралығында Алматының бірқатар ауданында жарық болмайды
1 күн бұрын
-
Еуропада қымбатшылық пен баспана бағасының өсуіне қарсы жаппай ереуілдер басталды
1 күн бұрын
-
Словакияда төрт қазақстандық студент полиция болып көрініп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді
2 күн бұрын
-
Жапонияда жанартау атқылады
2 күн бұрын
-
Асу Алмабаев Хоригутиге есе жіберді
2 күн бұрын
-
Дияр Нұрғожай америкалық файтерді 2-раундта нокаутқа жіберді
2 күн бұрын
-
Қазақстанның 10 театры ALMATY THEATRE FEST фестивалінде қойылымдарын ұсынды
2 күн бұрын
-
Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай: ШҚО-да ветеринариялық жаңа нысан ашылды
3 күн бұрын
-
Грузия алты адамның өмірін қиған жарылыстан кейін аза тұту күнін жариялады
3 күн бұрын
-
Шымкентте пара алған ТЖБ маманы мен пара берген департамент басшысына сот үкімі шықты
3 күн бұрын
-
Қазақстанда алимент бойынша қарыз 19 млрд теңгеден асты
3 күн бұрын
-
ТМД ПАА ЖИ-ді экстремизмге қолдануға қарсы модельдік заң қабылдады
4 күн бұрын
-
Астанада ғылыми гранттың 297 миллион теңгесін жымқырғандар мен 1,7 миллион теңге пара алған сарапшы ұсталды
4 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға бөлінген 945 миллион теңге қолды болғаны әшкереленді
4 күн бұрын
-
Қазақстанның аграрлық экспорты 35 пайызға өсті
4 күн бұрын
-
Қосшыға дейінгі LRT үшін бұзылатын үйлердің тізімі әлі бекітілмеген
4 күн бұрын
-
Түркияның қор нарығындағы дауға байланысты 136 адам қамауға алынды
4 күн бұрын
-
АҚШ-ты дүрліктірген цифрлық дағдарыстан кейін Ақ үйде алғашқы ірі кадрлық шешім қабылданды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға толық тыйым салу ұсынылды
4 күн бұрын
-
Ақтөбелік студент оқуына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген
4 күн бұрын
-
ҚазҰУ-дағы қаза тапқан студент қызға қатысты тергеу басталды
4 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның алып әуе компаниясы Қазақстан нарығына шығады: Korean Air алғашқы рейстерді қашан ашады
4 күн бұрын
-
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып, көз жұмды
4 күн бұрын
-
Жалақы сақталады, демалыс көбейеді: Бразилия жұмыс аптасын қысқартып, қоғамдық көлікті тегін етпек
4 күн бұрын
-
Instagram көптен күткен функцияны іске қосты: Eнді жарияланған стористі өшірмей-ақ өзгертуге болады
4 күн бұрын
-
Астана әуежайында ұшақ тұрағы 20 есе қымбаттауы мүмкін
4 күн бұрын