$ 469.49 € 552.59 ₽ 6.24

Трамп Иранмен соғыстың аяқталуға жақын екенін мәлімдеді

Редакция
15 сәуір 2026, 12:42
Трамп Иранмен соғыстың аяқталуға жақын екенін мәлімдеді Сурет авторы: Daniel Torok/Avalon/Photoshot/picture alliance

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери іс-қимылдардың шешуші кезеңге өткенін және қақтығыстың «аяқталуға өте жақын» екенін хабарлады. Fox News телеарнасына берген сұхбатында Ақ үй басшысы АҚШ пен Израильдің одақтас күштері Тегеранның ядролық қару жасау әлеуетін толықтай тежегенін атап өтті. Президенттің айтуынша, Иран тарапы қазіргі уақытта жаңа келісім жасасуға «өте маңызды» ниет танытып отыр.

Сонымен қатар АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Вашингтонның Иранға қатысты жаңа стратегиясын жариялады. Ол Тегеран ядролық қарудан түбегейлі бас тартқан жағдайда, АҚШ Ислам Республикасының экономикалық өркендеуіне кепілдік беріп, елді әлемдік нарыққа қайта қосуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл бастама «үлкен мәміле» (Great Deal) деп аталып, Иран халқына бұрын-соңды болмаған экономикалық мүмкіндіктер ұсынуды көздейді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 28 ақпанында басталған әскери операциядан кейін жарияланған екі апталық уақытша бітім 22 сәуірде аяқталады. Дональд Трамп Исламабадта өтіп жатқан келіссөздер аясында таяу күндері маңызды шешімдер қабылдануы мүмкін екенін тұспалдап отыр.

Соңғы жаңалықтар