$ 526.5 € 611.64 ₽ 6.72

Трамп дүйсенбі күні Ресейге қатысты маңызды мәлімдеме жасайтынын айтты

Абдрахманов Мағжан
11 шілде 2025 18:02 36
Трамп дүйсенбі күні Ресейге қатысты маңызды мәлімдеме жасайтынын айтты Сурет авторы: Leah Millis/Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында алдағы дүйсенбіде Ресейге байланысты маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлады. Алайда ол нақты не айтатынын ашып айтқан жоқ.

"Менің ойымша, дүйсенбіде Ресейге қатысты маңызды мәлімдеме жасаймын", – деді Трамп.

Соңғы күндері Трамптың Ресей, Украина және соғыс тақырыбындағы ұстанымы айтарлықтай өзгергені байқалады. Ол Ресей президенті Владимир Путиннің әрекетіне көңілі толмайтынын, оның «адам өлтіруді ғана қалайтынын» және «Путиннен түрлі сандырақ еститінін» мәлімдеді.

Сондай-ақ АҚШ қайтадан Украинаға қару жеткізетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар