$ 469.52 € 553.75 ₽ 6.15

Соғыс пен санкцияға қарамастан Қытай экономикасы әлемді таңғалдыруда

Редакция
16 сәуір 2026, 10:13
Соғыс пен санкцияға қарамастан Қытай экономикасы әлемді таңғалдыруда Сурет авторы: Getty Images

Әлемдік нарық Иран мен Израиль арасындағы қақтығыстан теңселіп жатқанда, Қытай күтпеген жерден экономикалық серпіліс жасады, деп хабарлайды BBC. Биылғы жылдың алғашқы үш айында Қытайдың ІЖӨ (ЖІӨ) көлемі 5%-ға өсіп, сарапшылардың болжамын басып озды. Бұл — Бейжіңнің соңғы 35 жылдағы ең төменгі меже (4,5-5%) қойғанына қарамастан қол жеткізген нәтижесі.

28 ақпанда басталған Таяу Шығыстағы соғыс жаһандық энергия қуатына соққы болып тиді. Соған қарамастан, Қытайдың автомобиль экспорты мен өндіріс секторы экономиканың басты «қозғалтқышына» айналды. Десе де, алда үлкен сын тұр: АҚШ-тың жаңа қаржы министрі Скотт Бессент шілде айынан бастап тауарларға салынатын баж салығын қайта көтеруі мүмкін.

Ормуз бұғазындағы қауіпке байланысты мұнай бағасының өсуі Қытай импортын бір айда 28%-ға дейін ұлғайтты. Бұл елдің сауда профицитін соңғы бір жылдағы ең төменгі деңгейге түсірді. Сарапшылар келесі тоқсанда соғыс салдары мен инфляцияның нағыз соққысы сезілуі мүмкін екенін ескертеді.

Мамыр айында Дональд Трамп пен Си Цзиньпиннің Қытайда өтетін кездесуі әлемдік сауданың тағдырын шешуі тиіс. Қытай қазір «жоғары технологиялық революция» мен ішкі сұранысты арттыру арқылы бұл тығырықтан шығуды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар