$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Путин жыл соңына дейін Украинадағы төрт облысты толық басып алатынына сенімді

Редакция
19 мамыр 2025 07:23 1507
Путин жыл соңына дейін Украинадағы төрт облысты толық басып алатынына сенімді Сурет авторы: Кремль

Ресей президенті Владимир Путин Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын осы жылдың соңына дейін толық бақылауға алуға болады деп сенеді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Агенттік дереккөзіне сүйенсек, Путин Дональд Трамппен болатын әңгімесін Украинаның оңтүстік-шығысындағы жеңіске қол жеткізе аламыз деген сеніммен жүргізбек.

Алайда Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Бен Барри бұл болжамға күмән келтіреді. Оның пікірінше, қазіргі жағдайда Украина Қарулы күштерінің қорғанысын бұзу өте қиын. Егер қорғаныс шегінсе, Ресейдің бұл аумақтарды алуына жол ашылуы мүмкін, алайда қазіргі жағдайда мұндай сценарийдің жүзеге асуы екіталай.

Bloomberg мәліметінше, Трамп соғысты тез арада тоқтатуға мүдделі, ал Путин әлі де бітімге келуге дайын екенін көрсетпей отыр. АҚШ тарапынан санкцияларды күшейту туралы ескертулер айтылғанымен, Ресей оған немқұрайлы қарап отыр.

19 мамырда Путин мен Трамп арасында телефон арқылы сөйлесу жоспарланған. Ақ үй өкілдері мен Трамптың өзі бетпе-бет кездесу де болуы мүмкін екенін айтты, бірақ нақты күні белгісіз. Трамп Украинаның тағдырына қатысты нақты ілгерілеу Путинмен өзі жеке кездеспесе, мүмкін емес деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар