$ 479.82 € 559.9 ₽ 6.15

Путин мен Зеленский Пасха мерекесінде соғыспауға келісті

Абдрахманов Мағжан
10 сәуір 2026, 11:06
Путин мен Зеленский Пасха мерекесінде соғыспауға келісті Сурет авторы: Reuters

Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне байланысты Украинадағы соғыста уақытша бітім жариялады, деп хабарлады Кремльдің ресми сайты. Бітім 11 сәуір сағат 16:00-ден бастап 12 сәуірдің соңына дейін күшінде болады.

Президент қорғаныс министрі мен Қарулы күштердің Бас штабына осы кезеңде барлық бағытта әскери іс-қимылды тоқтатуды тапсырған. Құжатта әскерилер қарсы тараптың ықтимал арандатуына және кез келген шабуылына дайын болуы тиіс екені көрсетілген.

Украина президенті Владимир Зеленский бұл шешімге жауап берді. Ол Украина бұған дейін де осындай қадамдарға дайын екенін айтып, Пасха кезінде атысты тоқтатуды ұсынғанын еске салды. Зеленский халыққа қауіпсіз мереке қажет екенін атап өтіп, Ресейдің Пасхадан кейін де соққы жасамауға мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

9 сәуірде Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский тараптар қаза тапқандардың денесін алмасқанын мәлімдеген. Мәліметке сәйкес, Ресей Украинаға 1000 әскери қызметкердің денесін тапсырса, Украина тарапы 41 ресейлік сарбаздың мәйітін қайтарған.

Соңғы жаңалықтар