$ 461.55 € 540.38 ₽ 6.15

Путин мен Трамп 1,5 сағат бойы не туралы сөйлесті?

Абдрахманов Мағжан
30 сәуір 2026, 09:53
Путин мен Трамп 1,5 сағат бойы не туралы сөйлесті? Сурет авторы: BRENDAN SMIALOWSKI / AFP

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Бұл жөнінде Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.

Оның айтуынша, әңгіме бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған. Кездесу барысында Путин Трампқа жасалған қастандық әрекетіне байланысты қолдау білдіріп, шабуылды айыптаған.

Трамп өз кезегінде Ресей жариялаған Пасха бітімін оң бағалаған. Путин Жеңіс күніне орай да уақытша бітім жариялауға дайын екенін жеткізген. Сонымен қатар АҚШ президенті Украинадағы соғысты тезірек тоқтатудың маңызын атап өткен. Оның пікірінше, қақтығысты аяқтауға бағытталған келісімге қол жеткізу жақын.

Тараптар Иран мен Парсы шығанағындағы жағдайды да талқылаған. Путин АҚШ пен Израиль күш қолданатын болса, оның салдары аймақ қана емес, бүкіл халықаралық қауымдастық үшін ауыр болатынын айтқан.

Дональд Трамп әзірге бұл телефон әңгімесіне қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Соңғы жаңалықтар