$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Путин мен Ердоған Украинаға қатысты жағдайды талқылады

Абдрахманов Мағжан
18 шілде 2025 22:32 25
Путин мен Ердоған Украинаға қатысты жағдайды талқылады Сурет авторы: Sputnik / Сергей Гунеев

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ аймақтық және халықаралық мәселелерді, соның ішінде Украинадағы ахуалды талқылады.

Түркия президентінің кеңсесі таратқан мәліметке сәйкес, Ердоған әңгіме барысында Мәскеу мен Киев арасындағы үшінші келіссөздер кезеңін бастау маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Түркия келіссөздерге Стамбұлда алаң ұсынуға дайын екенін жеткізген. Бұл үшін тараптар қолайлы күнді өзара келісуі тиіс.

Ал Кремль сайтында жарияланған ақпаратта Путин Түркия көшбасшысына Стамбұлда тікелей Ресей–Украина келіссөздерін өткізуге дайын екенін білдіріп, Ердоғанға бұл процеске қолдау танытқаны үшін алғыс айтты.

Әңгіме барысында тараптар сонымен қатар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жайын талқылаған.

Соңғы жаңалықтар