$ 470.17 € 547.47 ₽ 6.42

Орбан 16 жылдан кейін биліктен кетті: Венгриядағы билік ауысуы Еуропа мен Украина үшін нені білдіреді?

Абдрахманов Мағжан
13 сәуір 2026, 09:57
Орбан 16 жылдан кейін биліктен кетті: Венгриядағы билік ауысуы Еуропа мен Украина үшін нені білдіреді? Сурет авторы: AP Photo / Geert Vanden Wijngaert

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан парламенттік сайлауда жеңіліс тапты, деп хабарлады Reuters. Сайлауда жеңісті Петер Мадьяр жетекшілік ететін «Тиса» партиясы иеленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, сайлауға қатысу көрсеткіші 79 пайыздан асып, рекордтық деңгейге жеткен. «Тиса» партиясы 199 орынның шамамен 138-ін алып, Конституцияға өзгеріс енгізуге және реформалар жүргізуге жеткілікті басымдыққа ие болды.

Партия жетекшісі Петер Мадьяр бұл жеңісті елдегі саяси жүйенің өзгеруімен байланыстырды. Ал Орбан сайлау нәтижесін «ауыр, бірақ анық» деп бағалады.

Орбан билігі кезінде Венгрия Еуроодақтың бірқатар шешімін, соның ішінде Украинаға бөлінетін 90 млрд еуро көлеміндегі несиені қолдамаған. Сарапшылар Мадьяр билікке келгеннен кейін Будапешттің бұл бағыттағы саясаты өзгеруі мүмкін екенін айтады.

Украина президенті Владимир Зеленский Мадьярды жеңісімен құттықтап үлгерді. Ал Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен «Венгрия Еуропаны таңдады» деп жазды.

Соңғы жаңалықтар