$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Оңтүстік Кореядағы апат: Жауыннан кейінгі су тасқыны 17 адамның өліміне себеп болды

Редакция
21 шілде 2025 11:39 68
Оңтүстік Кореядағы апат: Жауыннан кейінгі су тасқыны 17 адамның өліміне себеп болды Сурет авторы: Reuters

2025 жылдың шілдесінде Оңтүстік Кореяда жауған нөсер жауын елдің орталық және оңтүстік аймақтарындағы табиғи апаттың негізі болды. Кенеттен басталған су тасқыны салдарынан кемінде 17 адам қаза тауып, тағы 11 адам хабар-ошарсыз жоғалды, деп хабарлады Reuters.

Сеулге жақын орналасқан Гапйонг қаласы қауіпті аймаққа айналды. Ел билігі 13 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз аймақтарға көшіруге мәжбүр болды. 

Құтқарушылардың айтуынша, кейбір азаматтар зип-лайн арқылы, ал кейбіреулері тікұшақпен құтқарылған.

Сондай-ақ елдің оңтүстік аймағындағы Санчхонг ауданында да көшкін жүріп, 10 адамның өліміне себеп болғаны хабарланды. Бұған қоса, Осан және Гванчжу қалаларында да үйлер мен көліктерді су басып, құрбандар болғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Ли Чже Мён апат болған өңірлерді «төтенше жағдай аймақтары» деп жариялап, зардап шеккендерге жедел гуманитарлық көмек көрсетуді бұйырды. Апат салдарын жою үшін әскери күштер мен арнайы құтқару бөлімшелері жұмылдырылды.

Автор: Әмір Жәнібек 

Соңғы жаңалықтар