$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Қытайда 6G қосылды: 50 гб дерек 1,4 секундта жеткізілді

Редакция
01 тамыз 2025 16:01 180
Қытайда 6G қосылды: 50 гб дерек 1,4 секундта жеткізілді Сурет авторы: South China Morning Post

Қытайдың ең ірі ұялы байланыс операторы - China Mobile 6G желісін сынақтан өткізіп, 280 гигабит секунд жылдамдықпен дерек жеткізуді жүзеге асырды. Бұл көрсеткіш қазіргі 5G технологиясынан 14 есе жылдамырақ.

Сынақ елдің 10 аймағында жүргізілген және 50 гигабайт көлеміндегі дерек небәрі 1,4 секунд ішінде жүктелген.

Мұндай сынақ әлемнің тағы бір түкпірінде жасалған. Мысалы, Ұлыбританиядағы Университеттік колледж Лондон зерттеушілері зертханалық жағдайда 938 Гбит/с жылдамдыққа қол жеткізген. Бұл 5G-ден 9000 есе жылдам. Алайда бұл нәтиже нақты өмір жағдайында емес, арнайы орнатылған құрылғылар арқылы алынған.

6G технологиясы ресми түрде 2030 жылға қарай енгізіледі деп күтілуде. Бұл желі виртуалды және кеңейтілген қашықтан басқару, автономды көліктер мен жасанды интеллект үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Автор: Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар