$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Қазақстан нарығына жаңа бес әуе компаниясы келді

Редакция
21 шілде 2025 15:31 61
Қазақстан нарығына жаңа бес әуе компаниясы келді Сурет авторы: dknews.kz

Қазақстан авиациясы бес жаңа бюджеттік авиакомпания келді. Олар: Thai AirAsia X (Таиланд), Air Arabia Abu Dhabi (БАӘ), T’way Air және Eastar Jet (Оңтүстік Корея) мен SpiceJet (Үндістан). Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «ашық аспан» саясаты аясында жүзеге асып жатқан бұл бастама тиісті рұқсаттар беріліп, компаниялар арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Экс-министр Марат Қарабаев: “Бұл өзгеріс - ішкі және халықаралық бағыттардағы қолжетімді рейстер санын арттыруға, әуе билеттерінің құнын төмендетуге бағытталған нақты қадам. Бұл — туристік ағынды да, іскерлік сапарларды да жандандырады”- дейді ол.

Жаңа рейстердің ашылуы арқылы Абу-Даби, Бангкок, Дели, Сеул сияқты мегаполистерге тікелей қатынау мүмкіндігі бар. Бұл тек саяхат үшін емес, экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту тұрғысынан да аса маңызды.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар