$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Италияда ЛГБТ жұптары ата-ана бола алмайды

Редакция
31 шілде 2025 12:24 252
Италияда ЛГБТ жұптары ата-ана бола алмайды Сурет авторы: Euronews

Италия үкіметі ЛГБТ жұптарына суррогат аналық қолдануын қылмыстық жауапкершілікке тартатын жаңа заңды қабылдады. Жаңа заңға сәйкес, бұл талапты бұзған азаматтар айыппұл төлеуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Заңды қолдаушылар бұл шара ана қадірін қорғауға бағытталғанын, сондай-ақ Италия қоғамының христиандық отбасылық құндылықтарына сай екенін айтады. Олардың пікірінше, суррогат аналық - аналық рөлді саудалауға айналдырып, отбасы ұғымын әлсіретеді.

Ал сыншылар бұл заңды ЛГБТ қауымдастығына қарсы кемсітушілік деп бағалап отыр. Себебі ол ЛГБТ жұптарының ата-ана болу құқығын шектейді.

Қоғамда бұл шешімге қатысты көзқарастар екіге бөлінген. Бір тарап мұны ата-ана болудың табиғи тәртібін және дәстүрлі отбасының маңызын қайта бекіту деп қараса, екінші тарап бұл - азаматтардың жеке өміріне қол сұғу және тең құқыққа қарсы қадам деп есептейді.

Автор: Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар