$ 519.64 € 609.23 ₽ 6.62

Иранда Израильге жұмыс істеді деген күдікпен 700-ге жуық адам ұсталды, үшеуі өлім жазасына кесілді

Абдрахманов Мағжан
26 маусым 2025 12:10 37
Иранда Израильге жұмыс істеді деген күдікпен 700-ге жуық адам ұсталды, үшеуі өлім жазасына кесілді Сурет авторы: REUTERS/Majid Asgaripour

Иран билігі Израильдің мүддесіне жұмыс істеді деген күдікпен 700-ге жуық тыңшы мен диверсантты ұстады. Бұл туралы Fars News Agency хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс ушыққалы бері қауіпсіздік қызметі «Моссад» агенттерін анықтап, бірнеше операция жүргізген. Тегеран мен Керманшах, Исфахан, Хузестан, Фарс және Лурестан провинцияларында жаппай тұтқындау шаралары жүргізілген.

Иранның сот жүйесінің басшысы Голамхоссейн Мохсени Эджеи ұсталғандардың барлығына таяу уақытта үкім шығарылатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Израильдің арнайы қызметімен байланысы бар үш тыңшы– Идрис Али, Азад Шоджаи және Расул Ахмад Расул 25 маусымда Иранның Батыс Әзербайжан провинциясындағы Урмия қаласында дарға асылып, өлім жазасына кесілді. Олар шетелдік жау үкіметтермен байланыс орнатып, Иранға алкогольдік ішімдік түрінде қару мен арнайы жабдық кіргізді деген айыппен сотталған. Бұл әрекет ел ішінде беделді тұлғаның өліміне себеп болған.

Соңғы жаңалықтар