$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Иран тағы да Израильге шабуылдады

Абдрахманов Мағжан
24 маусым 2025 13:15 162
Иран тағы да Израильге шабуылдады Сурет авторы: Reuters

Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранның атысты тоқтату режимін бұзғанын мәлімдеп, Израиль армиясына Тегерандағы нысандарға жаңа соққы беруді бұйырды.

– Мен Израиль Қорғаныс армиясына Иранның атысты тоқтату тәртібін бұзғаны үшін Тегеранның орталығындағы режим нысандарына қуатты соққылар жасау туралы нұсқау бердім, – деді Кац.

Оның алдында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Тель-Авивтің атысты тоқтату режиміне келісім бергенін мәлімдеген болатын. Атыс тоқтағанын АҚШ президенті Дональд Трамп хабарлаған еді.

Айта кетейік, сенбі күні АҚШ Израиль мен Иран арасындағы әскери қақтығысқа араласып, Иранның ядролық нысандарына соққы жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар