$ 519.55 € 596.03 ₽ 6.63

Иран билігі WhatsApp мессенджерінен бас тартуға шақырды

18 маусым 2025 18:21 29
Иран билігі WhatsApp мессенджерінен бас тартуға шақырды Сурет авторы: Pixabay

Иранда мемлекеттік телеарна арқылы тұрғындарға WhatsApp қосымшасын өшіруге кеңес берілді. Билік бұл сервис пайдаланушылар туралы деректерді жинап, оларды Израильге берді деп айыптап жатыр. Алайда бұл мәлімдемелерге қатысты ешқандай ресми дәлелдер келтірілген жоқ.

Meta компаниясына тиесілі WhatsApp бұл айыптауларды жоққа шығарып, қосымшада end-to-end encryption шифрлау қолданылатынын, хабарламалар логтары сақталмайтынын және ешбір мемлекетке деректер берілмейтінін мәлімдеді. Компания өкілі Иран тарапының бұл әрекетіне алаңдаушылық білдіріп, WhatsApp нақты пайдаланушы ақпаратына қол жеткізе алмайтынын айтты.

AP News агенттігінің мәліметінше, хабарламалар құпия түрде қорғалса да, метадеректер (хабарлама уақыты, нөмірі және т.б.) белгілі бір деңгейде қолжетімді болуы мүмкін. Сонымен қатар WhatsApp серверлері Иран аумағынан тыс орналасқандықтан, бұл деректердің қай жерде сақталатыны да күмән тудырады. 

Израиль мен Иран арасындағы шиеленіс аясында Иран билігі интернетті шектеп, VPN қызметтерін бұғаттады, Telegram қосымшасын уақытша жауып, елді жаһандық желіден толық ажырату жоспарларын жариялады.

Соңғы жаңалықтар