$ 464.86 € 544.03 ₽ 6.14

Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазын ашып, соғысты тоқтатуды ұсынды

Абдрахманов Мағжан
27 сәуір 2026, 11:22
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазын ашып, соғысты тоқтатуды ұсынды Сурет авторы: TRT

Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазын ашып, соғысты тоқтату жөнінде ұсыныс жасады, деп хабарлады Axios басылымы дереккөздерге сілтеме жасап. Ұсынысқа сәйкес, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер кейінгі кезеңге қалдырылуы мүмкін.

Басылым мәліметінше, бұл қадам келіссөздердегі тығырықтан шығуға мүмкіндік беруі ықтимал. Қазіргі уақытта Иран басшылығында ядролық мәселе бойынша ортақ ұстаным жоқ екені айтылған.

Алайда сарапшылар бұғаздағы блокаданы алып тастау АҚШ-тың келіссөздердегі қысым тетігін әлсіретуі мүмкін екенін атап өтті. Бұл Вашингтонның Иранға қатысты талаптарын орындауына әсер етуі ықтимал.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Ормуз бұғазындағы блокаданы жалғастыру ниетін білдірген. Оның айтуынша, бұл шара Тегеранды алдағы апталарда келісімге келуге итермелеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар