$ 518.97 € 607.3 ₽ 6.64

CNN: Трамп Путинге "Украинаға шабуыл жасасаң, Мәскеуді тас-талқан етемін" деп қоқан-лоқы жасаған

Абдрахманов Мағжан
09 шілде 2025 12:03 25
CNN: Трамп Путинге "Украинаға шабуыл жасасаң, Мәскеуді тас-талқан етемін" деп қоқан-лоқы жасаған Сурет авторы: AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путинге Украинаға шабуыл жасаған жағдайда Мәскеуді бомбалауға уәде берген. Бұл туралы CNN телеарнасы 2024 жылы түсірілген аудиожазбаларға сілтеме жасап хабарлады.

CNN дерегінше, Трамп бұл мәлімдемені өзінің сайлауалды науқаны аясында демеушілерімен өткен кездесулерде айтқан. Аудиожазбалар Нью-Йорк пен Флоридада жасалған.

«Мен Путинге: “Егер сен Украинаға кірсең, Мәскеуді тас-талқан етемін. Менің басқа амалым жоқ!” дедім. Ал ол “Мен сене алмаймын” деді. Бірақ ол маған 10% болса да сенді», – дейді Трамп жазбада.

Бұған дейін Washington Post басылымы Трамптың Путинге Украинаға басып кіруді тоқтатуға тырысқанын жазған болатын, алайда нақты жазбалар алғаш рет жарияланып отыр.

 
 

Соңғы жаңалықтар