$ 519.51 € 611.83 ₽ 6.6

Бали аралында жолаушылар паромы суға кетіп, төрт адам қаза тапты

Дулат Абдраманов
03 шілде 2025 09:34 33
Бали аралына бет алған жолаушылар паромы апатқа ұшырап, салдарынан кемінде төрт адам көз жұмды. Ондаған адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Бали аралында жолаушылар паромы суға кетіп, төрт адам қаза тапты Сурет авторы: Балидің құтқару қызметі

Трагедия сәрсенбі күні кешке орын алған. Шетелдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, паром бортында 53 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Сондай-ақ, кемеде 22 көлік, оның ішінде 14 жүк көлігі тасымалданған.

Паром Индонезияның Шығыс Ява провинциясынан Бали аралына қарай бағыт алған. Құтқару операциясы барысында 23 адам аман құтқарылғаны белгілі болды. Қалған адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі анықталған жоқ. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар