$ 457.21 € 534.62 ₽ 6.08

АҚШ-та Трамптың бейнесі паспорт мұқабасына енгізіледі

Абдрахманов Мағжан
29 сәуір 2026, 11:42
АҚШ-та Трамптың бейнесі паспорт мұқабасына енгізіледі Сурет авторы: U.S. State Department

АҚШ Мемлекеттік департаменті ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай президент Дональд Трамптың бейнесі бар шектеулі сериядағы паспорттарды шығармақ, деп хабарлады Fox News.

Жаңа дизайн бойынша Трамптың портреті тәуелсіздік декларациясының мәтінімен, мемлекеттік ту бейнесімен және алтын түстес қолтаңбасымен бірге паспорттың ішкі мұқабасына орналастырылады. Сонымен қатар құжаттың басқа бетінде декларацияға қол қою сәтіндегі мемлекет негізін қалаушылардың бейнесі беріледі.

Мерейтойлық паспорттар шілде айында айналымға шығарылады. Құжаттың қорғаныс деңгейі өзгермейді. Ал мұқабадағы «United States of America» жазуы үлкейтіліп, елтаңбаның үстіне орналастырылады. Артқы бөлігінде ортасында «250» саны бар ту бейнесі пайда болады.

Бұдан бөлек, мерейтой аясында Трамптың қолтаңбасы 100 долларлық банкноттарға енгізілетіні хабарланған. Сондай-ақ АҚШ-та оның бейнесі бар алтын монета шығару жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар