$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

АҚШ «өз еркімен депортациялау» бағдарламасы бойынша алғашқы мигранттарды елдеріне қайтарды

Редакция
20 мамыр 2025 03:25 2663
АҚШ «өз еркімен депортациялау» бағдарламасы бойынша алғашқы мигранттарды елдеріне қайтарды Сурет авторы: Orlando Sierra/AFP/Getty Images

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі жариялаған мәліметке сәйкес, Дональд Трамп әкімшілігі бастамашы болған «өз еркімен депортациялау» бағдарламасы аясында алғашқы 64 мигрант Гондурас пен Колумбияға оралды.

Бағдарламаға қатысқан тұлғалар жаңа CBP Home қосымшасы арқылы өз еріктерімен тіркелген. Оларға тегін ұшу мүмкіндігі, 1000 доллар көлемінде бір реттік төлем, сондай-ақ болашақта АҚШ-қа заңды жолмен қайта келу құқығы берілген.

Гондурасқа қайтқан 38 адамға жергілікті билік қосымша 100 доллар қаржы, азық-түлік талондарын беріп, жұмысқа орналасуға көмектесетінін уәде етті. Ал Колумбияға оралған 26 адамға әлеуметтік қызметтер көрсетілген.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм елдегі өзге заңсыз мигранттарды осы бағдарламамен елден шығуға шақырып, әйтпесе олар айыппұл арқалап, қамауға алынып, мәңгілікке елге кіру құқығынан айырылатынын ескертті.

Гондурас билігінің хабарлауынша, елге оралғандардың жартысына жуығы – балалар. Олардың кемінде төртеуі АҚШ-та дүниеге келген және ресми түрде АҚШ азаматтығын алған. Олар отбасыларынан бөлінбеу үшін елден кеткен.

Соңғы жаңалықтар