$ 460.8 € 541.21 ₽ 6.13

АҚШ-қа бару қиындай ма: Трамп әкімшілігі иммигранттардың саяси көзқарастарын жіті тексере бастайды

Абдрахманов Мағжан
28 сәуір 2026, 10:24
АҚШ-қа бару қиындай ма: Трамп әкімшілігі иммигранттардың саяси көзқарастарын жіті тексере бастайды Сурет авторы: depositphotos

АҚШ иммигранттардың бұрынғы мәлімдемелері мен көзқарастарын «экстремистік ұстанымдарға» тексеруді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде елдің Ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Reuters агенттігі.

Жаңа талапқа сәйкес, грин-карта немесе азаматтық алуға өтініш берген адамдардың жария пікірлері қаралады. Бұл өзгерістер Дональд Трамп әкімшілігінің нұсқауларына сәйкес енгізілмек.

БАҚ деректеріне қарағанда, кей жағдайда өтініш берушілерге олардың саяси ұстанымдарына байланысты, соның ішінде Палестинаны қолдайтын наразылықтарға қатысуы, Израильді сынауы немесе АҚШ туын қорлауы себепті бас тартылуы мүмкін.

Министрлік өкілі Зак Калердің айтуынша, ерекше назар террористік идеологияны қолдау, зорлық-зомбылыққа шақыру немесе террорлық ұйымдарға материалдық қолдау көрсету белгілеріне аударылады.

«Мұндай әрекеттер қосымша тексеруді қажет етеді», – деді ол.

Алайда бұл бастамаға қатысты сын айтылып жатыр. АҚШ сенаторы Крис Ван Холлен мұндай тәсіл сөз бостандығына қауіп төндіруі мүмкін екенін мәлімдеді.

Құқық қорғау ұйымдары да биліктің саяси пікірлерге сүйене отырып шешім қабылдауы алаңдаушылық туғызатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар