16-21 қараша аралығында Алматының қай көшелерінде жарық сөнеді

Редакция
16 қараша 2026, 09:53
16-21 қараша аралығында Алматының қай көшелерінде жарық сөнеді Сурет авторы: depositphotos.com

16 мен 21 қараша аралығында Алматы қаласының бірқатар ауданында электр қуаты уақытша тоқтатылады. Шектеу жеке сектор мен көпқабатты тұрғын үйлерден бөлек, білім беру мекемелеріне, кеңселер мен сауда нысандарына да әсер етпек. «Алатау Жарық Компаниясы» алдағы алты күнге арналған жоспарлы өшірулер кестесін ұсынды.

Энергетиктер электр желілері мен трансформаторлық қосалқы станцияларға жөндеу жүргізеді. Көптеген мекенжайда жұмыстар таңғы сағат 08:00 немесе 09:00-де басталып, кешкі 17:00-ге дейін жалғасады.

Күндер бойынша жарық өшетін мекенжайлар тізімі:

  • Дүйсенбі, 16 қараша: Көк-Қайнар, Алғабас, Қалқаман-2, Ақжар, Қарағайлы, Қарасу, Болашақ, Кемел, Бақай, Архат, Ерменсай, Хан-Тәңірі, Достық, Таугүл-3, Атамекен және Ақсай-2 ықшамаудандары. Сондай-ақ қала орталығындағы Абай, Сейфуллин, Гагарин даңғылдарының, Мақатаев, Масанчи, Төле би, Қазыбек би, Құрманғазы, Каблуков, Жароков, Айманов көшелерінің жекелеген бөліктері мен Республика алаңында жарық болмайды.

  • Сейсенбі, 17 қараша: Шаңырақ-2, Түркістан, Әйгерім-1, Архат ықшамаудандары, «Хан Тәңірі» және «Таң Нұры» тұрғын үй кешендері. Сонымен қатар Ратушный, Досмұхамедов, Құрманғазы, Шәріпов, Сәтбаев, Егізбаев, Мыңбаев, Тұрғыт Озал, Шевченко, Мұқанов, Жамбыл, Байзақов, Жандосов, Түркебаев көшелері, Абай даңғылы мен Бұқар жырау бульвары, 27/5 мекенжайы кестеге енген.

  • Сәрсенбі, 18 қараша: Қарағайлы, Қалқаман-2, Ақжар, Қарасу, Кемел, Болашақ, Архат, Достық және Сайран ықшамаудандарының кейбір бөліктері. Жөндеу жұмыстары Райымбек, Абай, Достық даңғылдарында, Панфилов, Грибоедов, Жангелдин, Есенов, Нүсіпбеков, Потанин, Сәтбаев, Түркебаев, Төле би, Шевченко, Құрманғазы, Байсейітова, Зенков, Қабанбай батыр көшелері мен Республика алаңында өтеді.

  • Бейсенбі, 19 қараша: Қарағайлы, Ақжар, Мамыр, Ерменсай, Мұзтау, Каменское плато, Таугүл-3, Тепличный және №8 ықшамаудандары. Бұдан бөлек, Рысқұлов, Сүйінбай, Абай, Райымбек даңғылдарының және Ботаникалық, Пестковский, Бәйішев, Жангелдин, Есенов, Матросов, Тілендиев, Жандосов, Әуезов, Сәтбаев, Бөгенбай батыр, Желтоқсан, Тимирязев, Жароков көшелерінің жекелеген учаскелері қамтылады. №47, №64 мектептер мен №5 Оқушылар үйінде де жарық сөнуі мүмкін.

  • Жұма, 20 қараша: Таусамалы, Қалқаман-2, Ақжар, Қарағайлы, Көктем-2, Рахат, Көктөбе, Таугүл-3 және №8 ықшамаудандары. Сондай-ақ Абай, Назарбаев даңғылдарының, Төле би, Сәтбаев, Айманов, Мыңбаев, Байсейітова, Әуезов, Орманов көшелерінің кейбір бөліктерінде, Райымбек даңғылы, 137а–137г мекенжайындағы көпқабатты үйлерде, Столетов көшесі, 13-үйде және №119 мектепте жөндеу жоспарланған.

  • Сенбі, 21 қараша: Сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін №12 ықшамаудандағы №5а–5в, 15 және 16-үйлерде, сондай-ақ №9 мектепте электр қуаты өшіріледі. Ал 09:00-ден 17:00-ге дейін Райымбек даңғылының бірнеше мекенжайында жөндеу жүргізіледі.

Тұрғындар өз мекенжайларын АЖК ресми сайты арқылы тексере алады. Компания өкілдері жоспардан тыс жұмыстарға байланысты жөндеу күндері өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Анықтама телефоны: +7 (727) 356-99-99.

Соңғы жаңалықтар