Құрылтайдың алғашқы Үкімет сағаты балаларға арналды: «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асу барысы талқыланды

Редакция
16 қараша 2026, 10:49
Құрылтайдың алғашқы Үкімет сағаты балаларға арналды: «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асу барысы талқыланды Сурет авторы: Құрылтай

Жиында «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асу барысы талқыланды.

Құрылтай төрағасының орынбасарының айтуынша, қазір елде 7 миллионға жуық бала тұрады, бұл халықтың үштен бірін құрайды. Балалардың құқығын қорғау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі саналады, ал Қасым-Жомарт Тоқаев олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударып келеді.

Қандай реформалар жүргізілді. 

  • «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылып, «Келешек» жүйесі енгізілді;

  • бес жылда елде 1 000-нан астам мектеп салынды, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жалғасып жатыр, сонымен қатар 54 оңалту орталығы ашылды;

  • балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға қатысты 11 заң қабылданды, тиісті жүйе мен инфрақұрылым құрылды, өңірлерде бала құқықтарын қорғау басқармалары ашылды;

  • мектептерде қауіпсіздік сабақтары енгізіліп, құндылықтарды сіңіруге бағытталған «Адал азамат» бағдарламасы қабылданды.

Қиын жағдайға тап болған бала мен отбасын ерте анықтап, уақтылы көмек көрсету үшін цифрлық шешімдер енгізілген. Мобильдік топтар мен 160 отбасын қолдау орталығының жұмысына FSM Social жүйесі қосылды. Бірыңғай мемлекеттік 111 байланыс орталығы ашылып, әр мектепте QR 111 орнатылды. Бұл балаларға өз құқықтарын қорғайтын қызметтерге тікелей жүгінуге мүмкіндік береді. Мектептерде «Балажан» платформасы жұмыс істейді. Ол арқылы психологиялық қызметтер қауіп-қатерді анықтап, көмек көрсетеді, ал уәкілетті органдар бақылау жүргізеді.

Баяндамашының сөзінше, осы тетіктердің арқасында үш жылда қиын жағдайдағы немесе көмекке мұқтаж 300 мыңнан астам бала уақтылы анықталып, көмек алған. 

«Әр санның артында баланың тағдыры жатыр», — деп атап өтті ол.

Білім алу құқығы. 

Біріншісі — инклюзияға қатысты бұйрық жобасы. Оған кабинеттер ашудың нақты шарттарын, педагог-ассистенттердің міндеттерін және педагогтерді мінез-құлықты түзету мәселелері бойынша оқытуды бекіту туралы ұсыныстар берілген. Министрлік бұл ұсыныстарды ескеріп, бұйрықты қабылдаған. Бұл бұйрықтың артында 200 мыңнан астам бала тұр.

Екіншісі — кешкі мектептер. Елде 40 кешкі мектеп жұмыс істейді. Тексеру барысында кейбір балалардың үй шаруасына көмектесу немесе бауырларына қарау үшін ата-анасының талабымен кешкі мектепке ауыстырылғаны анықталған. Сондай-ақ кейбір мектептер баланы қолдаудың орнына «онымен жұмыс істеу қиын» деп, кешкі мектепке ауыстыра салады. Бұл балалардың қауіпсіздігіне қосымша қатер төндіреді. Тоғыз ай ішінде ғана кешкі мектептерге 941 бала ауыстырылған. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігінің назары бұл мәселені реттейтін бұйрық қабылдауды жеделдету қажеттігіне аударылды. Бұйрықты қабылдау мерзімі қыркүйек болып белгіленгенімен, оның жақын арада қабылданатынына үміт бар.

Жиынға Оқу-ағарту министрі, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ғылым және жоғары білім, ішкі істер, жасанды интеллект және цифрлық даму салаларына жауапты вице-министрлер, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, әкім орынбасарлары, білім басқармалары мен бала құқықтарын қорғау басқармаларының өкілдері жиынға бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.

 

Соңғы жаңалықтар