Алдағы үш жылда өңірлерде жаңа үлгідегі 20 арнайы мектеп бой көтереді

Редакция
16 қараша 2026, 14:05
Алдағы үш жылда өңірлерде жаңа үлгідегі 20 арнайы мектеп бой көтереді Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы

Құрылтайда өткен Үкімет сағатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздегі инклюзивті білім беру жүйесінің жай-күйі мен саладағы өзекті кадр тапшылығы туралы баяндама жасады.

Ведомство басшысының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мың бала есепте тұр. Оларға тиісті қолдау көрсету ісімен 541 арнайы ұйым мен 11 мың педагог айналысады. Дегенмен бұл бағытта әлі де 3 008 маман жетіспейді. Кадр тапшылығы әсіресе Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Маңғыстау және Алматы облыстарында өткір сезіліп отыр.

Маман тапшылығын жою мақсатында қазіргі таңда еліміздің колледждерінде 500 логопед пен 200-ден астам педагог-ассистент даярланып жатыр.

Сонымен қатар алдағы үш жыл ішінде еліміздің әр өңірінде заманауи үлгідегі 20 арнайы мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұдан бөлек, 2026–2030 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді дамытудың кешенді жоспары қабылданды. Аталған құжат аясында мектептерде арнайы кабинеттер ашу, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) желісін кеңейту және ерекше қажеттіліктері бар әрбір балаға жеке қолдау көрсету тетіктерін күшейту көзделген.

Соңғы жаңалықтар