$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келетінін мәлімдеді

Дулат Абдраманов
14 қараша 2025 12:39 459
Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келетінін мәлімдеді

Қазақстандық аңыз боксшы, әлемдік бокстың жарқын жұлдызы Геннадий Головкин (GGG) келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Азия бокс қауымдастығының президенті Пичай мырзамен кездесуде хабарлады.

Пичай мырза Головкиннің World Boxing ұйымының президенті лауазымына кандидатурасын ұсынғанын естігенде қуанғанын білдіріп, Головкиннің бұл бастамасын толық қолдайтынын айтты. Оның сөзінше, Головкин бокстан жан-жақты жақсы хабардар және бұл жоғары лауазымға әбден лайық азамат.

"Мен әлі де бір жекпе-жек өткізгім келеді. Оны Қазақстанда өткізгім келеді, оған барлығының келгенін қалаймын",- деді Головкин.

Сонымен қатар, Азия бокс қауымдастығының басшысы Головкиннің жекпе-жектерін YouTube арқылы үзбей тамашалайтынын, 43 жаста екеніне қарамастан, боксшының тамаша формада екенін атап өтті. Пичай қазіргі кездесуін Головкинмен жеке жүздескен алғашқы сәт деп бағалап, боксшымен өмірде кездескеніне өте қуанышты екенін жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар